335
іс-әрекетті ұйымдастыруда тәрбие нәтижелері туралы естен шығармау қажет.
Тәрбие нәтижесі – бұл қандай да бір іс-әрекетке қатысу нәтижесінде алған
рухани-адамгершілік құндылықтар.
Оқушылардың кез келген іс-әрекетінің тәрбие нәтижесі үш деңгейге
бөлінеді.
Бірінші деңгей – оқушының әлеуметтік білімді игеруі (қоғамдық нормалар,
қоғамның құрылымы, қоғамдағы мінез-құлықтың әлеуметтік ұнамды-ұнамсыз
түрлері туралы және т.б.), әлеуметтік ақиқат пен күнделікті өмір туралы бастапқы
түсінік. Аталған деңгейдегі нәтижеге жетуде маңызды орын алатыны –
тәрбиеленушінің күнделікті тәжірибесі мен оң әлеуметтік білімді тұлға ретіндегі
өз педагогімен қарым-қатынас орнатуы.
Екінші деңгей – қоғамның басты құндылықтарына (адам, отбасы, Отан,
табиғат, әлем, білім, еңбек, мәдениет) оң қарым-қатынасы мен оларға деген
жанашырлық тәжірибесінің, жалпы алғандағы әлеуметтік ақиқатқа деген қарым-
қатынас құндылықтарының қалыптасуы. Аталған межеге жету үшін сынып,
мектеп деңгейінде, яғни жолдастық, қауіпсіз әлеуметтенген ортада өзара қарым-
қатынас ерекше орын алады. Осындай таныс әлеуметтік ортада бала ең алғашқы
әлеуметтік білімдерді тәжірибеде қолданудың қадамдарын жасайды, оларды
бағалай бастайды не теріс деп таниды.
Үшінші деңгей – оқушының дербес қоғамдық іс-әрекет тәжірибесіне ие
болуы. Аталған деңгейге жетуде оқушылардың мектептен тыс немесе ашық
қоғамдық ортада әлеуметтік маңызды субъектілермен қарым-қатынас жасауы
маңызды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: