Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Дарынды  балаларға  арналған  оқу  бағдарламалары  мыналарды



Pdf көрінісі
бет373/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   416
Дарынды  балаларға  арналған  оқу  бағдарламалары  мыналарды 
қамтиды:  
- дарынды оқушылардың жалпы және тұлғалық  қызығушылықтарын есепке 
ала  отырып,  жалпылама  тұжырым  жасауға,  болашаққа  талпынысын  арттыруға 
және  теориялық  бағдарын  айқындауға  бағытталған  ауқымды  тақырыптар  мен 
мәселелерді оқып-зерттеу; 
-  білімнің  түрлі  салаларына  тиесілі  тақырыптар  мен  мәселелерді 
интеграциялау  негізінде  пәнаралық  оқытуды  пайдалану  арқылы  дарынды 
оқушылардың  өз  білімдерін  кеңейте  және  тереңдете  түсуге  талпыныстарын 
арттыру; 
-  зерттеушілік  жұмыстың  әдіс-тәсілдері  мен  дағдыларын  қалыптастыру 
мақсатында  зерттеушілік  әрекетке  жақын,  оқуда  проблема  туындауы  мүмкін 
оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын, «ашық типтегі» мәселелерді оқып-
зерттеу; 
-  мүмкіндігінше  дарынды  баланың  қажеттіліктерін  есепке  алу,  бала  таңдау 
жасаған тақырыптарды тереңінен оқып-зерттеу


337 
 
- оқуда өзіндік әрекетін дамыту және қолдау көрсету; 
-  білім  берудің  әдіс-тәсілдері  мен  формалары,  мазмұны  тұрғысынан  оқыту 
үдерісінің  вариативтілігі  мен  икемділігін  қамтамасыз  ету,  балалардың  өзіндік  іс-
әрекетіндегі  өзгермелі  сұраныстарына  және  ерекшеліктеріне  қарай  түзету 
енгізулеріне мүмкіндік беру; 
-  ақпарат  алу  жолдары  мен  түрлі  ақпарат  көздерін  еркін  пайдалану  және 
олардың қолжетімділігін қарастыру; 
-  мазмұнды  критерийлерге  сүйене  отырып  оқушыларды  өз  жұмысын 
бағалауға  үйрету,  көпшілік  алдында  шығармашылық  нәтижелері  мен  идеяларын 
талқылау дағдыларын қалыптастыру. 
Әртүрлі  дарындылық  санатындағы  балаларды  тиімді  оқытудың  маңызды 
шарты  ретінде  дарындылықтың  нақты  бір  типіне  сай  сапалы  спецификаға 
мейлінше  сәйкес  келетін  және  оның  қалыптасуының  ішкі  психологиялық 
заңдылықтарын есепке алатын оқу бағдарламаларын құрастыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет