ТЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті ТЖБ өткізу кезіндегі мұғалім:
1) ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы негізінде тоқсан үшін
жиынтық жұмыстың тапсырмаларын құрастырады. Орындауға 40 минуттан артық
емес уақыт бөлінеді;
2) ТЖБ тапсырмалардың техникалық спецификациясы негізінде білім
алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийін құрастырады;
3) ТЖБ тапсырмаларын қол жетімді байланыс құралдары арқылы жібереді
(электронды журналда, интернет платформасы мен т.б. байланыс құралдарында
орналастыру);
4) академиялық адалдықты сақтауды, жауаптарды көшіріп алу жағдайларының
алдын алу мүмкіндігін қарастырады;
5) техникалық ерекшелікке сәйкес балл қою схемасын қолданады;
6) тоқсан бойынша білімалушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді;
7) электрондық журналға/ қағаз журналына балл қояды;
8) білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез келген
қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электронды форматта
көментарий ұсынады.