Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


кемінде  7  және  15  балдан



Pdf көрінісі
бет85/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   416
кемінде  7  және  15  балдан 
артық болмауы
 керек.  
Төменде бөлім / ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау рәсімдерінің саны 
көрсетілген (14
-
кесте). 
 
14-кесте.
  «Ағылшын  тілі»  пәні  бойынша  жиынтық  бағалау  рәсімдерінің 
саны  
 
Сыныптар 
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық  бағалау рәсімдерінің 
саны 
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
2-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
3-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
4-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
*  Бөлім  /  ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалауда  сөйлеу  қызметінің  екі  түрі 
біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым) 
 
«Ағылшын  тілі»  оқу  пәні  бойынша  оқыту  процесін  ұйымдастырудың 
ерекшеліктері және ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған  ұсынымдар: 

1-сынып
  білім  алушыларына  арналған  ағылшын  тілі  бойынша  оқу 
бағдарламасында  тек 
А1  тілдік  деңгейі  бағытында  жұмыс  жасау
  көзделген. 
Ал  А1  тілдік  деңгейін  білім  алушылар  бастауыш  білім  беру  деңгейін  
(4-сыныпты) аяқтағанда толық меңгереді; 
-  1-сыныпта  «Ағылшын  тілі»  оқу  пәні  бойынша  оқылым  мен  жазылым 
дағдыларын  дамыту  көзделмейді.  «Оқылым»  бөлімі  бойынша  оқу  мақсаттары 
таныс сөздер мен сөз тіркестерін танып білуге ғана бағытталады; 
-  1-4-сынып  білім  алушыларына  шетел  (ағылшын)  тілін  белсенді 
ойындар, әндер, өлеңдер, қарапайым іс-қимылдар сияқты түрлі тәсілдер арқылы 
меңгерту ұсынылады; 
-  оқу  процесі  оқылатын  (ағылшын)  тілде  жүргізіледі, бірақ қажет болған 
жағдайда педагог жаңа сабақты немесе күрделі нұсқауларды түсіндіру кезінде 
білім алушының ана тілін қолдана алады; 


62 
 
- коммуникативті құзыреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі – білім  
алушының білім беру  процесіне белсенді  қатысуы.  Тілді меңгерудің  бастапқы 
кезеңінде  қателесу  білім  беру  процесінің  бір  бөлігі  болып  табылатындықтан, 
қателерді түзету барысында педагогке білім алушының сабаққа деген ынтасын 
түсіріп алмауды көздеу ұсынылады; 
-  сабақта  білім  алушыларға  таныс  ағылшын  тіліндегі  сөздер  мен 
сөйлемдерді  және  нұсқауларды  жиі  қолдану  қажет.  Бұл  білім  алушыларға 
сөздер  мен  сөйлемдерді  тиімді  есте  сақтауға,  тапсырмаларды  орындау 
барысында оларды тануына мүмкіндік береді; 
-  мұғалімнің  интонациясы  дұрыс,  дауысы  айқын  және  ым  -  ишаралары 
нақты, сөздер мен сөйлемдері баяу және анық болуы керек; 
-  түрлі-түсті  көрнекі  құралдарды  (суреттер,  ойыншықтар,  постерлер)  
пайдалану арқылы педагог білім алушылардың ойын жинақтап, жаңа сөздерді 
тез меңгеруіне ықпал етеді. 
Нұсқаулықта  (технологиялық  карта)  сабақ  барысында  педагогтің,  ата-
ананың, білім алушының орындайтын іс- қимылдары анық жазылуы керек (15-
кесте).  Нұсқаулықты  әзірлеу  барысында    «Ағылшын  тілі»  оқыту  пәнінің 
мұғалімдері  білім  алушылардың  қабілетін,  отбасының  әлеуетін  және 
мүмкіншіліктерін ескеруі қажет.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет