71
5.
Математикалық модельдеу.
Білім
алушылардың
математика
курсы
бойынша
білімдерінің
сабақтастығын қамтамасыз ету үшін пәннің оқу бағдарламасына 2013 жылғы
бастауыш білім беру деңгейінің оқу бағдарламасында қарастырылмайтын
«Комбинаторика», «Тізбектер», «Жиындар және олармен орындалатын
амалдар» деп аталатын жаңа бөлімшелер енгізілді. Жаңа оқу бағдарламасында
негізгі және жоғары мектептерде геометрияны табысты меңгерудің алғышарты
болып
табылатын
«Геометриялық
фигуралар»
бөлімшесі
кеңінен
қарастырылған.
Бұл бөлімшелерді оқып-үйрену 4-сыныптың білім алушыларында
логикалық ойлаудың, процестер мен құбылыстарды талдау, себеп-салдарлық
байланыстарды табу, бұл құбылыстардың заңдылықтары мен тенденцияларын
ашу дағдыларының дамуына ықпал етеді. Бұл сипаттағы тапсырмалар TIMSS
халықаралық зерттеулерінде кездеседі.
«Математика» пәні бойынша мұғалім алдын ала дайындалған
критерийлер мен дескрипторлар бойынша әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізіп,
оқу тапсырмаларын бере алады (21-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: