кіріктіру қажет. Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық»
пәнін оқытуда білім
алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың белсенді
формалары мен әдістері қолданылады. Ұғымдарды жақсы түсіну үшін өмірде
жиі кездесетін нақты мысалдармен байланыстыру ұсынылады.
Бастауыш
мектепте
«Цифрлық
сауаттылық»,
«Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар» пәндерінен бөлімдер мен тоқсан бойынша
жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында «Цифрлық
сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білім
алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған
жағдайда «есептелді» қойылады.