2021-2022 оқу жылында 3-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 2021 жылдың 1 қыркүйегінен оқытылады. 3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық
мазмұны:
1)
«Компьютер»:
компьютер
құрылғылары:
таңба
регистрін,
пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған клавиштер.
Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда «қызу»
клавиштерді пайдалану. Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке
қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтінді теру ережелері; маркіленген
және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу
(жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою;
мәтінге суретті қою және орналастырылуын реттеу; Презентациялар:
презентация конструкторы; программа мәзірі; презентацияның ашылуы мен
сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру; слайдтар арасында
ауысу; презентация дизайны. Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған
программа (жарықтық, контраст, жиектеме);
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу, құжаттан мәтін үзіндісін
іздеу. Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша
бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.
4) «Есептей білу».
Алгоритмдер:
цикл;
циклдік
алгоритмді
іске
асыру
кезінде
орындаушының командалар жүйесі.
Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді
жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын
алаңында бірнеше көріністермен және кейіпкерлермен жұмыс істеу.
5) «Робототехника»: орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын
күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.
3-сыныптың оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын меңгеру үшін
мынадай ұсынымдар беріледі: