Жеке консультациялар өткізу
Өткен және жаңа оқу жылдарына арналған оқу бағдарламаларындағы
сәйкес келмейтін тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша білім алушы санын
15-тен асырмай, жеке консультациялар, қосымша сабақтар («жексенбілік
мектеп», «каникул кезіндегі мектеп») өткізу кестесін әзірлеу;
4.
Жүзеге асыру, талдау жұмыстары
1) пәнді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін (
саралап оқыту, кейс-стади,
тақырыптық талқылау, іскерлік ойын, жобалық және зерттеу жұмыстары,
модульдік оқыту және т.б.)
қолдану;
2) білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу
кестесін әзірлеу және талдау жұмысын жоспарлау;
3) білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында жүзеге
асырылған оқу мақсаттарын БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыруда ескеру;
4) БЖБ, ТЖБ нәтижелері негізінде білім алушылардың білім сапасына
жүйелі мониторинг жүргізу және талдау;
5) білім алушылардың білім сапасына жүргізілген мониторинг
жұмысының нәтижесін әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте,
педагогикалық кеңесте талқылау ұсынылады.
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеуде кіріктіріп өткізуге
ұсынылатын күрделі оқу мақсаттары:
4-сыныптың «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқу бағдарламасындағы «4.1.3.1
шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын
болжау, оның себебін түсіндіру» деген оқу мақсатын 5-сыныптағы
«5.1.1.1
әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау»
деген оқу мақсатымен кіріктіруге болады.
5-сыныптағы
«5.2.3.1 шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу
құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең
құрылысы) мағынасын анықтау» деген оқу мақсатына сабақ жоспарлау кезінде
4-сыныптағы «шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу,
эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану» оқу мақсатын
103
кіріктіру арқылы 4-сыныпта жіберген білімдегі олқылықты толықтыруға
болады.
5-сыныпта бастауыш сыныптан келген оқушылар эссе жазуды бірден
меңгеріп кете алмайды. Сондықтан 4-сыныпта өткен «4.1.5.1 өз ойын, сезімін,
көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра
отырып білдіру» деген оқу мақсатын қайталап, сол бойынша жұмыс жүргізу
арқылы эссе жазуға үйреткен дұрыс.
5-сыныпта «5.2.3.1 шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының
(теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)
мағынасын анықтау» деген күрделі оқу мақсатын 6-сыныптағы «6.2.3.1
шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу,
метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау»
оқу мақсатымен біріктіріп, тапсырмалар ұсыну;
«5.3.2.1 кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау» деген оқу
мақсатын 6-сыныпта «6.3.1.1 шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра
отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру», «6.3.2.1 кейіпкерлер
жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру» деген оқу
мақсаттарына жаңа сабақты жоспарлау кезінде кіріктіру;
7-сыныпта «7.2.4.1 шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас
тұрғысынан дамытып жазу» деген оқу мақсатын 8-сыныптағы «8.2.4.1
шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу» оқу мақсатымен;
«7.3.1.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені
салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру» деген оқу
мақсатын «8.3.1.1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа
шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау» оқу
мақсатына кіріктіріп, сабақ жоспарлау ұсынылады.
Жаңа оқу жылының бағдарламасына сәйкес келмейтін күрделі оқу
мақсаттары бойынша жеке консультациялар өткізуге ұсынылатын күрделі
тақырыптар мен оқу мақсаттары:
6-сыныпта:
«6.1.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан
сипаттау»; «6.3.4.1 шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы
сыни хабарлама жасау»;
7-сыныпта:
«7.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері
тұрғысынан анықтау», «7.3.4.1 әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы
туралы шағын сыни шолу жазу»;
8-сыныпта:
«8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама
мінездеулерді жіктеу», «8.3.4.1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын-
пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу;
9-сыныпта:
«9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен
салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу».
104
5-9-сыныптарда «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқытылатын шығармалардың
ішінде өткен оқу жылдарында толық оқуға мүмкіндік болмаған немесе
оқушыларға қол жетімсіз болған шығармаларды қосымша сыныптан тыс не
каникул кездерінде оқуға ұсыну қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |