Қазақ тілі және Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндерін кіріктіріп оқыту



Дата05.06.2017
өлшемі73,41 Kb.
#17707
«Жалпы білім беретін Мүткенов атындаы орта мектебі»КММ

Қазақ тілі және Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндерін кіріктіріп оқыту.
Баяндамашы: Сатымбаева Райгуль Турсумбаевна

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Мүткенов ауылы 2017жыл
Қазіргі заманда оқу үрдісі үнемі өзгеріске ұшырап, жағымды жаңалық-тармен толықтырылып отырады. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін , оның ішінде жалпы орта білім беруді жетілдіру бойынша кең көлемді іс-шаралар жүзеге асырылуда. «Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасы-ның» басты мақсаттарының бірі жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады [1]. Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моде-ліне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарла-масын әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «Бәсекеге қабілетті экономика үшін» жолдауында: «Білім берудегі жаңалық – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -делінген. Немесе  бұл орынды пікірді Елбасымыздың тағы бір: «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» - деген пікірімен жалғауға болады. ХХІ ғасыр бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын ғасыр екендігін ескерсек, сол ғасырда  үздік  оқытудың үлгісі бола алатын көшбасшы, ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыратын ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтатын еліміздегі мектептердегі жаңаша білім беру бағдарламалары тиімді. Мұндай бағдарламалардың бірі - «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы». Яғни, пәндерді кіріктіріп оқыту.

Кіріктіріп оқыту дегеніміз:

– біріншіден, сабақта пәнаралық байланыстарды дамытуды және тереңдетуді, олардың ғылымаралық байланысының түпнұсқасы, яғни түрлі пәндерді оқытуды қиыстырудан, олардың өзара терең байланысуына өтуді қарастыру болып табылады [2];

– екіншідер, жекелеген пәндер бойынша білімді біріктіретін, ұштастыратын жүйе, осының негізінде балалардың әлемді тұтастықта қабылдау қалыптасады;

– үшіншіден, оқушылардың ойлау қабілеттерін белсендендіруге, танымдық белсенділіктері мен қызығушылықтарын, өз бетінше жұмыс істеуін дамытуға ықпал етеді, түрлі ғылым слаларына қатысты білімді қорытындылауға бағыттайды [3].

Пәнаралық байланысты жұмыстың мақсаты, мазмұны, әдістері және тәсілдері бойынша кіріктіріп оқытудың негізі болып табылады. Кіріктіріп оқыту барысында идеялар мен ұстанымдардың ұқсастығы айқын байқалады, сонымен бірге алынған білімді түрлі салаларда пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Және де алған білімі мен мағлұматтарды оқушы өмірде де қажеттілігіне сай қолдана алады. Әсіресе, тілдік қажеттілік барысын атап өтуге болады. Сондай-ақ, кіріктіріп оқыту барысында екі немесе одан да көп пәнді қарастыру және әлемдегі құбылыстар мен нысандардың өзара тығыз байланысын көрнекі көрсету мүмкіндігі болады. Кіріктіріп оқытуда жалпы білім беретін мектептерге арналған қолданыстағы оқу бағдарламалары және оқулықтардың аясын кеңейтетін, әртүрлі пәнаралық проблемалар қарастырылады. Бұндай тәсіл оқытудың түрлі әдістерімен (баяндама және әңгімелесу, түсіндіру, бақылау және тәжірибе, салыстыру, талдау және жинақтау, сонымен бірге компьютерде оқыту) үйлесімді байланыста болады.

Кіріктіру жүйесі мектеп пәндерінің сабақтың әр кезеңінде бір-біріне сәйкес келетін және бірін-бірі толықтырып отыратын тақырыптарын тең мөлшерде біріктіруді қарастырады.

Екінші негізгі ұғым – кіріктірілген сабақ – бұл арнайы ұйымдастырылған сабақ:

– мақсатқа әртүрлі пәннен алынған білімді біріктіру барысында ғана жетуге болады;

– зерттелетін мәселені оқушылардың қабылдауын жинақтайтын, толық жетуіне мүмкіндік беретін, қандайда бір аралық проблеманы қарастыруға және шешуге бағытталған;

- әртүрлі ғылымдардың әдістерін өзiмен гармониялық үйлестірген және тәжірибеге бағытталған .

Осыған байланысты кіріктірілген сабақтар оқушыларға алынған білімдерді біріктіруге және оқушылардың пәнге қызығушылығын белсендендіруге көмектеседі.

Кіріктірілген сабақтардың құрылымы дәстүрлі сабақтардан келесі сипатта-малар арқылы ерекшеленеді:

оқу материалының нақтылығы, ықшамдылығы және қысқалығы;

– өзара логикалық шарттастығы, кіріктірілетін пәндер материалының сабақтың әр кезеңіндегі өзара байланыстылығы;

– сабақта қолданылатын оқу материалының кең ақпараттық сыйымдылығы.

Осы аталған бағдарлама негізінде орыс сыныптарында Қазақстан тарихы, қазақ тілі және ағылшын тілін кіріктіріп оқытуға арналған арнайы курс, факультатив курс бағдарламаларын пән мұалімдері бірлесе құрастыруына болады. Бұл тәсіл бір мезетте екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, алайда негізгі назар тілге де, тілдік емес пәнге де аударылуы мүмкін. Ол дегеніңіз атап айтар болсақ, қазақ тілі пәніндегі Қазақстан тарихы пәнімен ортақ тақырыптар : сақ тайпалары, қорымдар, Алтын адам, Томирис ханшайым, тағы басқалары. Яғни, тарих пәнінде алынған ақпараттар арқылы қазақ тілі сабағында қазақ тілінде мәтінмен танысып, өзара талдап, диалог – сұхбат жүргізе отырып, ағылшын тілінде берілген жекелеген негізгі, кілтті сөздер аудармасын сабақ барысында меңгеру арқылы үш пән кіріктіріле оқылар еді. Сол сияқты қазақ тілі, Қазақстан тарихы және ағылшын тілі пәндерінде жеке – жеке де, сонымен бірге қосымша сабақтарда кіріктіріп үш пән мұғалімі өткізуіне де болар еді. Осындайда тиімді технология -CLIL пәнді-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы. CLIL технологиялары шетел тілін басқа пәндерді оқытуда оқудың қажетті құрал ретінде қарастырады. Яғни тілді үйрену кез келген пән саласы арқылы жүргізіледі, демек CLIL шет тілі сабағы емес, шет тілінде (орыс сыныбына қазақ тілі) өтетін пән сабағы. Сонымен бірге оқушылардың тілдік қарым -қатынастағы қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды. Өзге ұлт өкілі сыныбына қазақ тілін меңгертуде тілді зерделеу мақсатқа бағытталады, өйткені тіл нақты коммуникативтік міндеттерді шешу үшін қолданылады. Сонымен бірге білім алушы оқылатын тілдің мәдениетін жақсырақ білу және түсіну мүмкіндігіне ие болуымен қатар, бұл оқушының әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Білім алушы тілдік материалдың үлкен көлемін өзінің бойынан өткізеді, бұл тілдік ортаға толық ену мүмкіндігін береді. Сондай-ақ түрлі тақырыптармен жұмыс істеу білім алушының пәндік терминдермен сөздік қорын толықтыруға және алған білімдері мен біліктерін қолдануға және одан әрі зерделеуге жағдай жасайтын арнайы терминдерді, белгілі тілдік құрылымдарды жаттап алуға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: пәнді( Қазақстан тарихы) және тілді кіріктіріп оқыту барысындағы басты нәтиже оқушылардың пәндерінен алған білімдері емес, мақсатты тілді меңгеруі (біздің жағдайымызда – қазақ тілі) болып табылады.

Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту ең алдымен тілдік іс-әрекеттің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгеруге бағытталған болады. Мысалға, 10 орыс сыныбына арналған сақ дәуірі аясына арналған тақырыптарға тоқталар болсақ, бағдарлама бойынша іс – әрекетке қойылатын талаптарды жүзеге асыруда кіріктіріп оқытудың тиімді тұстары басым деуге болады.

Тыңдалым: сақ дәуірі туралы мәтіндерді түсіну .

Оқушы өз ана тілінде (орыс тілінде) ойлайды және Қазақстан тарихы пәнінен алған білімін еске түсіре отырып, мәтінді қазақша оқып түсінеді.

Оқылым: мәтінді түсініп оқу. Сақ дәуірі туралы мәтіндерге талдау жасау.

Тақырыбын аша отырып, өздіктерінен жоспар құрып, тақырыптық ауызша диалог құрастыруда қиындық болмайды.

Айтылым: сақ дәуірі туралы баяндау. Сақ дәуірі туралы баяндауда тарих пәнінен алған қосымша деректерге сүйене отырып, баяндамасын картамен бекіте алады.

Жазылым: жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Жазбаша жұмыстарға Томирис ханшайымды, Алтын адамды сипаттау, мәтін бойынша сұрақтар дайындау және мағлұматтарды толықтыр сынды тапсырмаларды орындауда оқушы Қазақстан тарихынан алған біліміне сүйінеді және ағылшынша сөздерді аудару арқылы ізденімпаздық қабілеті жетіледі, пәнге қызығушылығы артады және пәнаралық байланыстың қажеттілігін мойындау арқылы жауапкершілігі нығаяды.

Жалпы, тілдік іс – әрекеттерді тақырыптар бойынша оқушыларға алдын – ала беріп қою, олардың келесі сабаққа өздіктерінен дайындалып келуін де қамтамасыз етер еді. Және де әр сабақ сайын сөздік жұмыстарына басым көңіл тек қазақ тілі сабағында емес тарих , ағылшын пәндерінде де іске асар еді. Осы жұмыстар арқылы оқушының тілдік қорын дамыту үш пәнде бір тақырып аясында өткізілер еді. Биылғы оқу жылына арналған бір мәтіннің қазақ - орыс - ағылшын тілдеріндегі нұсқасы http: nao.kz ғаламтор сайтында берілген. Арнайы курс бағдарламасын сол тақырыптар арқылы да жасауға болар еді. Әсіресе, қазақ халқының мәдениетін, өркениетін, тарихын танытатын тақырыптар. Жоғарыда айтылғандар, оқу материалының мазмұнына сәйкес жаңа оқу ақпаратын құруды, жаңа технологиялармен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талап ететін оқытудағы кіріктіру мәселесінің өзектілігін айқындайды.



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2016 жыл. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген.

  2. Холодная М. А. Психология интеллекта: парадоксы исследования. - Томск: изд-во Томского ун-та. М.: изд-во «Барс».1995.-250 с.



  1. http://nao.kz/ Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) кіріктіріп оқыту

Оқу-әдістемелік құрал

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет