«Физика» оқу пәні 10-11-сыныптарда «Физика» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1)
білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің
негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты
танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;
2) білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік
және рефлективтік мәдениетін дамыту, физикалық экспериментті және зерттеу
жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мен
қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз
етуде қолдану.
Жаңа оқу жылында 10-11-сыныптар үшін төмендегі Үлгілік оқу
жоспарларын таңдау мүмкіндігі бар:
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік
оқу жоспарлары (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 26
наурыздағы № 125 бұйрығымен енгізілген) немесе жаңартылған мазмұндағы
Үлгілік оқу жоспарлары.
2021 жылғы Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жалпы орта білім беру
деңгейінде жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық
бағытта оқытылатын «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
81-кестеде көрсетілген.