Қазақстан республикасының орта



бет45/205
Дата10.06.2022
өлшемі0,92 Mb.
#146343
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   205
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл

«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні
«ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығының 14-тармағында бастауыш сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән мазмұны мен оқу жүктемесі өзгертілген жоқ.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген
№ 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына
(4-қосымша) өзгерістер енгізілді).
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2022 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі.
1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім алушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін ойын программалау ортасында қалыптастыруға, робототехника жиынтығының негізгі компоненттерімен таныстыруға, қарапайым роботтар жинауға және оларды басқаруға бағытталған.
1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:

  1. «Компьютер»: Информатика кабинетіндегі ережелер;

  2. «Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;

  3. «Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (скретч)); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;

  4. «Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ

бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).
2021-2022 оқу жылында 3-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 2021 жылдың 1 қыркүйегінен оқытылады.
3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:

  1. «Компьютер»: компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған клавиштер. Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда «қызу» клавиштерді пайдалану. Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері.

  2. «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтінді теру ережелері; маркіленген және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастырылуын реттеу; Презентациялар: презентация конструкторы; программа мәзірі; презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны. Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);

  3. «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу, құжаттан мәтін үзіндісін іздеу. Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.

  4. «Есептей білу».

Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалар жүйесі.
Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен және кейіпкерлермен жұмыс істеу.

  1. «Робототехника»: орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.

3-сыныптың оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын меңгеру үшін мынадай ұсынымдар беріледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет