Қазақстан республикасының орта



бет53/205
Дата10.06.2022
өлшемі0,92 Mb.
#146343
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   205
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл

«Қазақ тілі» оқу пәні
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі» пәнінен 5-9-сыныптардың оқу процесі ҚР БҒМ 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен және ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы
7 наурыздағы №105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген Ұзақ мерзімді жоспар негізінде жүзеге асырылады.

Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын (төмендетілген оқу жүктемесімен) таңдаған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы


№ 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныбына арналған «Қазақ тілі» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.


Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген апталық оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (27-сурет).




27-кесте. Оқу жүктемесінің көлемі



Сынып

Оқу пәнінің атауы



Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу
жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

5

Қазақ тілі

3

102

3

102

6

Қазақ тілі

3

102

3

102

7

Қазақ тілі

3

102

2

68

8

Қазақ тілі

2

68

2

68

9

Қазақ тілі

2

68

2

68

Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.


«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  • қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;

  • тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;

  • аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;

  • мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.

Оқу нормативтері бойынша ұсынымдамалар
Оқу жылдамдығы – оқушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Оқытудың екінші негізгі кезеңінде де оқушылардың оқу жылдамдығын қалыптастыру жалғасады, алайда 5-9- сыныптарда түсініп оқуға емес шапшаң оқу мен мәнерлеп оқуға басты назар аударылады.
5-сыныпта бастауыш сыныптардағыдай оқу жылдамдығын тексеруді бақылап отыру қажет. Бақылау мақсаты тез, жылдам оқу емес, түсініп оқу болатынын ескерген жөн.
5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығына қойылатын талаптар
Мәнерлеп оқу, логикалық екпінді ең маңызды сөздерге қойып оқу. Оқу барысында сөз бұзылмай, автордың айтатын ойы дұрыс жеткізіледі.



  1. кесте. 5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығының нормасы

Сыныптар

Міндетті деңгей

Мүмкіндік деңгейі

5-сынып

105 – 115 сөз

110 – 120 сөз

6-сынып

115 – 125 сөз

120 – 130 сөз

7-сынып

125 – 135 сөз

130 – 140 сөз

8-сынып

135 – 145 сөз

150 – 160 сөз

9-сынып

145 – 155 сөз

170 – 180 сөз

Жаңартылған білім мазмұнына орай оқу дағдыларына қойылатын талаптар біршама өзгерді (29-кесте).





  1. кесте. Оқу дағдыларына қойылатын талаптар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет