Сабақ: қазақ тілі Мектеп: №4 жоббм кмм күні: Мұғалімнің есімі: Камзанова Б. М



бет1/3
Дата14.02.2023
өлшемі147,46 Kb.
#168639
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Табиғат құбылыстары сабақ жоспары
Саба ты та ырыбы Жер абы тары алай орналас ан О у ба дарлама

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ: қазақ тілі

Мектеп: №4 ЖОББМ» КММ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Камзанова Б.М.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:21

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:Табиғат құбылыстары

Сабақ негізделген оқу
мақсаты

Т1.Аудиовизуалды материал тыңдау арқылы сұрақтарға жауап беру;
А1. Сөйлеу барысында мәтін тақырыбына сәйкес арнайы лексиканы қолдану, тыңдаған/оқыған материал бойынша өз көзқарастарын білдіру;
О1.Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дерексөздерді (сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу;
Ж1.Тақырыпқа сәйкес сөз бен сөз тіркестерін қолдану .



Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:мәтінді оқу арқылы табиғаттағы өзгерістердің барлығын табиғат құбылыстары екенін түсінеді.Сурет бойынша атауларды, заттарды атайды,анықтамалық сөздікті пайдаланып жаңа сөздермен танысады,тақырыпқа сәйкес. арнайы лексиканы қолдана біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын ажырата алады, түсінеді, оқылған мәтін бойынша толық жауап береді, өз ойын қысқаша жеткізеді.

Кейбір оқушылар:оқылған мәтін бойынша өз ойын толық сөйлем арқылы білдіріп, дәлел келтіреді,табигат құбылыстарының ерекшеліктерін бақылап зерттейді.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • найзағай, бұршақ, жел, боран, бұлт, кемпірқосақ, жауын-шашын,қырау

  • жаңа сөздерді дұрыс оқып, өз ойларын, пікірлерін білдіреді




Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
табиғат құбылыстары, күз мезгілінде, нөсер жаңбыр,жауын-шашын, жеті түсті кемпірқосақ,таңғажайыптабиғат, ұлпа қар деген сөздерді қолданады

Алдыңғы оқу 3мин



Жыл мезгілдері туралы қайталаймыз.
«Попкорн» әдісін пайдалана отырып, сұрақ қойып, балалардан өткен тақырыпты сұраймын:

  1. Бір жылда неше мезгіл бар?

  2. Жыл мезгілінде неше ай бар?

  3. Бір айда неше күн бар?

  4. Қазан айы қай жыл мезгіліне жатады?

  5. Қай мезгілде суық болады?

  6. Қай кезде ыстық болады?...





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет