Қазақстан республикасының орта



бет221/242
Дата23.03.2022
өлшемі0,92 Mb.
#136538
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   242
Байланысты:
Әдістемелік-нұсқау-21-22-ож

Әлеуметтік-педагогикалық бағыт жеке тұлғаны әлеуметтендіруге, оның ішінде баланың бос уақытын ұйымдастыруға байланысты бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мектеп мұражайлары, әскери-патриоттық клубтар, аула клубтары, демалыс орталықтары, балалар лагерьлерінің әртүрлі түрлері, балалар қоғамдық ұйымдары, педагогикалық отрядтар педагогтерге патриоттық тәрбиені қамтамасыз етуге, балалардың ой-өрісін кеңейтуге, салауатты өмір салты дағдыларын дарытуға, бос уақыты мен белсенді демалысын ұйымдастыруға көмектеседі.
Балаларды қосымша білім беруге жаппай тарту, дарынды балаларды анықтау, оқушыларды кәсіби бағдарлау, әртүрлі деңгейдегі байқауларда, жарыстарда және басқа да іс-шараларда көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дарыту мақсатында 2021-2022 оқу жылында мектепішілік, аудандық (қалалық) және облыстық деңгейлерде балалар арасында республикалық іс-шаралардың өңірлік кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу ұсынылады:

  1. «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің фестиваль-байқауы «Драмалық спектакль»; «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, балет, данс-спектакль және т.б.); «Әдеби-музыкалық композиция»; «Қуыршақ спектаклі» номинациялары бойынша өткізіледі. Сонымен қатар, балаларды театр өнері әлеміне тартуға, тұлғаның мәдени және рухани әлеуетін дамытуға бағытталған «Балалар және театр» ағартушылық жобасы іске асырылуда. Жоба аясында оқушылар жас ұрпақтың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың ресурсы, жеке тұлғаны әлеуметтендірудің, көркемдік талғамды қалыптастырудың қуатты құралы, эстетикалық дамыған, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу механизмі болып табылатын театрларға барады;

  2. «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы шеңберіндегі республикалық іс-шаралар:

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан – менің алтын бесігім» балалар фестивалі, номинациялары: «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» халық билері байқауы; «Жүрек жылуы» вокалистер байқауы; «Ризамын халқыма!» театр байқауы;

  • жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирі;

- ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасында «Шексіз шығармашылық» байқауы;

  1. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар және табиғат зерттеушілерінің форумы мына номинациялар бойынша өткізіледі: «Туған өлкенің

тарихы» зерттеу жобаларының байқауы, «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта»; «Экоболашақ» экологиялық жұмыс туралы бейнероликтер; «Жасыл оазис» экодизайнерлер байқауы; «Жеңіс мамыры» панно немесе коллаждар байқауы;

  1. «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме-байқауының номинациялары: тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кесте, батик, киіз басу, құрақ құрау; ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және жалпақ ою, ағашқа сурет салу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар; бедерлеу (сүйектен, металдан, ағаштан); әйнекті көркемдеп өңдеу: витраж; металды көркем өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын пішінді мүсін, нақыштау, соғу; ағаштан, тастан, саздан (қыш балшық), сабаннан, ағаштан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндер жасау; ұлттық ою-өрнек элементтерімен халық киімінің үлгісін жасау; қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше;

  2. «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» техникалық құрастыру саласы бойынша инновациялық идеялар байқауы:

  • қолданыстағы автокөлік модельдері (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, жол талғамайтын көліктер және эксперименттік модельдер);

  • өнеркәсіп (техникалық ойыншықтарды, оның ішінде дәстүрлі емес материалдардан жасалған станок жабдықтары, әртүрлі техникалық объектілердің модельдері және эксперименттік модельдерді қоса алғанда);

  • ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары (тракторлар, комбайндар, сепкіштер, тиегіштер, іріктегіштер, шөмелегіштер, ауыл шаруашылығы кешендерінің модельдері, эксперименттік модельдер және т.б.);

  • әскери техника (танктер, зеңбіректер, бронетранспортерлер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының модельдері, тапаншалар, автоматтар, мылтықтардан басқа және т.б. эксперименттік модельдер);

  • су көлігі (әуе кемелерінің модельдері, кемелер, яхталар, гидропландар, катерлер, қайықтар, эксперименттік модельдер және т.б.);

  • құрылыс (тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттар, коттедждер, кешендер, спорт ғимараттары, вокзалдар, порттар, әуеайлақтары, сауда орталықтары және т.б. макеттері);

  • жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика (ядролық энергетика және жылу физикасы; баламалы және көміртекті емес энергетика; энергия үнемдейтін технологиялар; отынды өндіру және қайта өңдеу; радиоактивті қалдықтарды жою және көму технологиясы және т.б.);

  • авиация: авиация техникасын әзірлеу саласындағы жобалар мен модельдер (ұшақтар, тікұшақтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, экраноплан, гидроұшақ, амфибиялар және т.б.);

  • космонавтика және аэроғарыш техникасы: ғарыш техникасын әзірлеу саласындағы жобалар мен модельдер (зымыран жүйелері, ғарыш станциялары, спутниктер, аппараттар және т.б.), ракета құрылысы (ғарыш кемелері, зымырандар

және ілеспелі техника);



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет