Қазақстан республикасының орта



бет222/242
Дата23.03.2022
өлшемі0,92 Mb.
#136538
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   242
Байланысты:
Әдістемелік-нұсқау-21-22-ож

«Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауының номинациялары: халық биі және халықтық-стильденген би (әлем халықтарының биі; қазақ биі); заманауи би (эстрадалық би, аралас би);

  • «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының фестивалі: деректі (ойын емес) кино; ойын киносы; stop-motion-видео; әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеролик; анимациялық кино; музыкалық бейнебаян; телевизиялық сюжет; киножурнал; операторлық жұмыс;

  • «Менің Отаным Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың слеті:

    «Жас өлкетанушы» іздеу-зерттеу жобалары, «Туған өлке соқпақтары»; тарих, география зерттеулерінің тұсаукесері, «Ең керемет туристік өлке» туған өлкенің объектілері; экологиялық экспедиция есебі; экологиялық соқпақ - экологиялық карта;
    «Аралас туризм» туристік техника мен тактика, бағдарлау, топография, алғашқы медициналық көмек көрсету, құзға шығу және құтқару жұмыстары элементтерімен кросс-жорық;

    1. техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік және кеме құрастыру) жарысы модельдер сыныптары бойынша: радиомен басқарылатын автомодельдер, автотрассалық моделизм, әуе модельдері, кеме модельдері, зымыран модельдері;

    2. балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары

    • жас музыканттардың фестиваль-байқауы қазақ және орыс халық аспаптары (домбыра, қобыз, қыл қобыз, шертер, баян, аккордеон, домра, балалайка, гитара) бөлімдері солистері мен ансамбльдері арасында өткізіледі;

    1. «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының номинациялары: «Осындай мамандық бар» Қазақстан экономикасы мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша презентациялар байқауы; «Мамандықты таңдау уақыты келді» бейнеблогтар сайысы (бейне ертегілер); «Мен – мамандықтар әлеміндемін» әдеби байқау (эссе); «Мамандық: кеше, бүгін, ертең» вайнерлер байқауы – белгілі бір мамандық бойынша әлеуметтік желілерге арналған ойын-сауық бейне мазмұны;

    2. «Менің Отаныма менің бастамам» шығармашылық жобалар байқауы

    номинациялары:

      • «Жылулығыңмен бөліс» қарт адамдарға көмек көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды бейімдеу, табиғи апаттардың салдарын еңсеру және жазатайым оқиғалардың алдын алу туралы;

      • «Туған қалаңа – игі іс» – волонтерлік жасақтар құру және дамыту, салауатты өмір салты идеяларын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту;

    - «Мен – Қазақстан азаматымын» – балаларды қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани-мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне баулу, қазақ тілін дамыту, отбасының адамгершілік негіздерін, оның тәрбиелік рөлін нығайту;

    • «Медиажоба» – балалардың ақпараттық кеңістігін дамыту, әлеуметтік

    бағдарланған сайттарды, интернет-ресурстарды құру, білім беру, кәсіби бағдарды жобалау және т.б.;

    • «Менің кіші Отаным» – руханилықтың жандануы, адамгершілікті тұлғаны және өз елінің патриотын қалыптастыру, «кіші Отанның» өткені мен бүгінін зерттеу;

    • «Қазақстанның жеті кереметі» – туған жердің табиғи, тарихи және мәдени игілігі – сәулет құрылыстары мен тарихи ескерткіштері;

    • «Қазақстанның 100 жаңа есімі» – Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан, өмір жолы мен табысы үлгі болатын нақты адамдардың мысалдарында қоғамда табыстылық идеяларын, бәсекеге қабілеттілік қағидаттарын, прагматизм мен білімге табынуды танымал ету және ақпараттық ілгерілету;

    • «Жаңару полюсі» – мәдени мұраны сақтау және жаңғырту, әртүрлі өнер түрлері арқылы шығармашылық әлеуетті дамыту;

    • «Киіз үй – әлемнің үлгісі» – балаларды қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани-мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне баулу;

    1. «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойын финалының номинациялары:

    - «Соғыс жаңғырығы!» қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, олардың ерліктері туралы; «Тарихи мұра» заттай және құжаттық ескерткіштер бойынша қолжетімді туған өлке тарихы туралы тарихи-іздестіру зерттеу жобаларын қорғау;

    • еліміздің және кіші Отанымыздың қалыптасу тарихына өз үлесін қосқан адамдар мен оқиғалар туралы «Жауынгерлік парақ» қабырға газеттерінің байқауы;

    • «Соғыс жылдарындағы әндер!» патриоттық әндер байқауы;

    • «Алғашқы медициналық көмек көрсету» квиз-викторина;

    • белтемірге тартылу;

    • арқада жатып денені көтеру;

    • «әскери техника өз қолдарымен» сәндік-қолданбалы өнер байқауы.

    1. «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы жас суретшілердің көрмесін өткізуді қарастырады, номинациялары: классикалық кескіндеме, авангардтық және эксперименттік кескіндеме, «Менің Отаным – Қазақстан» (еркін тақырып), сондай-ақ, жас суретшілер байқауының номинациялары: «Коллаж», «Бояулар құпиясы», «Сүйікті кітаптың иллюстрациясы».

    Республикалық іс-шаралар қосымша білім берудің түрлері мен бағыттарын танымал етуге, қосымша білім беруге балаларды жаппай тартуға ықпал етеді.
    Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды оқу- әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында Республикалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығының www.ziyatker.org сайты жұмыс істейді. Сайтта «Электронды кітапхана», педагогтерге арналған «Қосымша білім және тәрбие» республикалық оқу- әдістемелік журналы», «Әдістемелік вернисаж», «Экоәлем» и «Темірқазық» балалар танымдық журналдары», «Республикалық курстар», «Республикалық іс-шаралар» бөлімдері жұмыс істейді. «Электронды кітапхана» бөлімінде білім беру
    бағдарламалары, әдістемелік ұсынымдар, бейнесабақтар, «Әдістемелік вернисаж» – қосымша білім беру педагогтерінің тәжірибесі жинақталып орналастырылған.
    Қосымша білім беруде балалардың қызметін бағалаудың классикалық жүйесі қарастырылмаған.
    Балалардың шығармашылық бастамасының болуы және даму дәрежесі, түрлі байқауларға, фестивальдерге, көрмелер мен жарыстарға қатысуы және жетістіктері, балалардың ерте кәсіби бағдарлануы, танымдық белсенділік деңгейі, басталған істі соңына дейін жеткізе білуі білім алушы нәтижелілігінің көрсеткіштері болып табылады.
    Тең түпнұсқалы бағалау нысаны ретінде жинақтаушы бағалау әдістемесі немесе білім алушылардың жеке білім жетістіктерін тиімді мониторингілеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін портфолио технологиясы ұсынылады.
    Сабақтан тыс жұмыстарды пән педагогтері, сынып жетекшілері, тәрбиешілер, ұйымдастырушы-педагогтер, қосымша білім беру педагогтері бейіні (инженер, эколог, музыкант, хореограф және т.б.) бойынша мамандар жүзеге асырады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   242




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет