Қорытындыаттестаттаудыөткізумерзіміпедкеңестіңшешіміменбелгіленеді. Қорытынды аттестаттаудан өткен соң шетелде оқыған пәндер бойынша бағаларын, Қазақстан Республикасының мектептерінде алдыңғы сыныптарда алынған жылдық және қорытынды бағаларын ескере отырып, оларға № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және онда білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе шетелде оқу кезеңінде 5 сыныптан 11 (12) сыныпты қоса алғандағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары «5» болған және қорытынды аттестаттау бағалары «5» болған бітірушілерге № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білімі туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.
Білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар www.nao.kz сайтында қолжетімді.