Қазақстан республикасының орта



бет10/242
Дата23.03.2022
өлшемі0,92 Mb.
#136538
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   242
Байланысты:
Әдістемелік-нұсқау-21-22-ож

Бақылау нысандары

Нормалар

1

Сабаққа қатысу, бақылау және талдау



  • директордың орынбасарлары үшін айына кемінде 8 сабақ;

  • білім беру ұйымының директоры үшін айына кемінде 4 сабақ;

  • 1 сабаққа қатысу ұзақтығы – 45 минут.

2

Қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды тексеру

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

3

Электронды сынып
журналдарын тексеру

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

4

БЖБ және ТЖБ-ның
жүргізілуін тексеру

мектептің бекітілген кестесі бойынша

5


Оқыту процесінде педагогтердің қашықтан оқыту технологиялары мен ЦБР
қолдануы

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес



Сабақтарға қатысу алдын ала дайындалған, білім беру ұйымының басшысы бекіткен жоспар және міндетті түрде ақпарат тақтасына орналастырылған кесте бойынша жүзеге асырылады. Сабаққа жоспардан тыс қатысуға жол берілмейді.


Білім беру ұйымы әкімшілігінің сабаққа қатысу нәтижелері бақылау парақтарында, сабаққа қатысу журналында тіркеледі.
Сабақты бақылау, зерттеу мен талдау оқыту процесін жақсартудың, педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының, білім алушылардың білім сапасын арттырудың негізі болып табылады. Сабақтарды бақылау нәтижелері пәндік әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің отырыстарында жүйелі түрде талқылануы тиіс.
Сабақты талдау (ауызша жүргізілуі мүмкін) мыналарды көздейді:

  • педагогтің сабақты өзіндік талдауы;

  • сабақтың ұтымды және проблемалық тұстарын бөліп көрсету;

  • педагогке ұсыныстар беру.

Педагогтердің бір-бірінің сабағына жүйелі түрде қатысуы ұсынылады.
Сонымен қатар педагогтің жұмыс сапасына шағым түскен жағдайда білім беру ұйымының басшысы оның сабағына қатысуы қажет.
Карантиндік және шектеу шаралары кезеңіндегі оқыту жағдайында мектепішілік бақылау онлайн форматта жүргізіледі.
Білім беру ұйымының әкімшілігі негізгі оқу пәндерінен жекелеген тақырыптар бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізуді, сыныптар мен өткізу мерзімдерін, қорытындыларды талқылауды жоспарлайды.

  • 1-11-сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша орта мерзімді жоспарлар

«НЗМ ДББҰ» АҚ сайтының «Жүйелік-әдістемелік кешен» блогында орналастырылған http://out.easycounter.com/external/smk.edu.kz.

  • Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды электронды немесе қағаз форматта ұсына алады.


2021-2022 оқу жылының басты міндеті – білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру.


  • 2021-2022 оқу жылының басында мектеп әкімшілігіне барлық пәндер бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

  • Бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір педагогтің және мектептің жұмыс жоспары әзірленеді.

  • Білім олқылықтарының орнын толықтыру жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі.







Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері:

  1. пәннің оқу бағдарламасы бойынша біліміндегі олқылықтар;

  2. оқу-танымдық іс-әрекетіндегі олқылықтар;

  3. оқуға қажетті өзіндік жеке қасиеттерінің даму деңгейінің жеткіліксіздігі;

  4. эмоционалды қолайсыздық.



Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау алгоритмі:

  1. бірнеше педагогтің сабақтарды, оқыту процесін бірлесіп жоспарлауы (олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқу материалын қайталау, бекіту, оқу тапсырмаларының минимумын орындау, қателерді талдау және жою бойынша оқу әрекетін реттеу және т.б.);

  2. оқу іс-әрекеті барысында қолдау көрсету және кеңес беру;

  3. бірінші сыныптың білім алушылары мен осал топтың балаларын психологиялық бейімдеуді қамтамасыз ету;

  4. оқу іс-әрекетін ынталандыру (көтермелеу, табысты жағдаяттарды туғызу, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б.).

  5. оқушының оқу іс-әрекетінің және оқу жетістіктерінің мониторингі (білім алушыларға жүйелі сауалнама жүргізу, оқу тапсырмаларының орындалуын тексеру, кері байланыс, өзін-өзі бағалауда белсенділікті арттыру және т.б.);

  6. қосымша сабақтарды және өзара көмек беруді ұйымдастыру;

  7. білім алушыға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс;

  8. өздігінен орындайтын тапсырмалар үшін қашықтан оқыту жүйесін пайдалану.

Барлық білім беру ұйымдарында мазмұнды оқу контенті (жетекші мұғалімдердің сабақтары, қарқынды оқытуға, жаттығулар, тестілер және т.б. арналған виртуалды зертханалар) бар цифрлы платформаларға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарында:


педагогке:

  • білім алушының артта қалу себептерін, оның оқу жетістіктерінің деңгейін және біліміндегі олқылықтарды анықтау;

  • жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу;

  • жеке тапсырмаларды таңдай отырып, оқытудың жеке жоспарын әзірлеу;

  • жүйелі кері байланысты ұйымдастыру ұсынылады.

Педагог оқушылардың білім алу қажеттіліктерін және жеке даму
жолын ескере отырып, пән бойынша білім алушылардың білімін толықтыру алгоритмін дербес әзірлейді. Мысалы:

  • өткен және ағымдағы оқу жылдарындағы оқу пәні сабақтарының тақырыптарын, оқу мақсаттарын кіріктіру;

  • пәндер бойынша өткен оқу жылының материалдарын жаңа оқу жылының барлық кезеңіне бөлу;

  • жаңа тақырыптарды және оқу мақсаттарын меңгертуге дейін бұрынғы оқу материалдарын қайталау;

  • білім алушыларға қиындық тудырған тақырыптар бойынша қосымша сабақтар өткізу;

  • білім алушыларға күрделі тақырыптар/оқу мақсаттары бойынша жеке және топпен консультациялар өткізу;

  • өткен оқу материалы бойынша оқу пәнінен олимпиадалар ұйымдастыру;

  • каникулдық сабақтарды және жазғы мектепті ұйымдастыру;

  • формативті бағалауда өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасы бойынша тапсырмалар әзірлеу және енгізу;

  • өткен оқу жылындағы материалдар бойынша зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру;

  • білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру сабақтары үшін Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын пайдалану;

  • білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында қосымша білім беру ұйымдарының мүмкіндігін барынша пайдалану;

  • білім беру платформаларын қолдану.

Негізгі оқу пәндерінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша ұсынымдар әдістемелік-нұсқау хаттың «Орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты 3-бөлімінде беріледі.

Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыруда «2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» қосымшасын басшылыққа алу қажет (ҚР БҒМ 2021 жылғы 26 мамырдағы №240 бұйрығы).

2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында ұйымдастырылған Жазғы мектеп білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыруға бағытталды.



Жыл сайын жазғы мектеп барлық білім алушылар үшін оқыту мерзімін
20 маусымға дейін ұзарта отырып жұмыс істейтін болады. 2021-2022 оқу жылында жазғы мектептегі сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет