Қазақстан республикасының орта



бет14/242
Дата23.03.2022
өлшемі0,92 Mb.
#136538
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   242
Байланысты:
Әдістемелік-нұсқау-21-22-ож

Жаңа оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау бастауыш, негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың базалық білімін тексеруге бағытталған бағалаудың жаңа моделі білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингімен (бұдан әрі – ББЖМ) ауыстырылады. ББЖМ өткізу тәртібі ҚР БҒМ 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларымен реттеледі. Қағидалар орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымдарының меншік нысанына, ведомстволық
бағыныстылығына, түріне қарамастан қолданылады.
ББЖМ мемлекеттік бақылау түрі болып саналмайды, білім алушы үшін де, білім беру ұйымы үшін де ешқандай құқықтық салдары болмайды.
ББЖМ мақсаты – білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін ұлттық деңгейде өлшеу арқылы орта білім беруді жүйелі жетілдіру.
4 және 9-сыныптар үшін ББЖМ МЖМБС талаптарына сәйкес функционалдық сауаттылық деңгейін, білім мен дағдыларды, аналитикалық, логикалық ойлау қабілеттерін анықтау үшін өткізіледі.
ББЖМ тестілеуі жыл сайын сәуір айында орта білім беру ұйымдарының базасында компьютер арқылы электронды форматта өткізілетін болады.
ББЖМ өткізілетін білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын уәкілетті орган анықтайтын болады. Іріктеу параметрлеріне: аумақтық тиесілігі, ұйымның түрі, оқыту тілі, білім алушылар контингенті жатады.
Алдыңғы оқу жылдарында ББЖМ-ға қатысқан білім беру ұйымдары келесі жылы ББЖМ-ға қатысатын білім беру ұйымдарының тізбесіне кірмейді.
ББЖМ өтетін білім беру ұйымдарын таңдау бағдарламаға тізімді енгізу нәтижесінде кездейсоқ іріктеу арқылы жүзеге асырылады.
Белгіленген аумақта шектеу шаралары мен төтенше жағдай енгізілген жағдайларда уәкілетті орган ББЖМ өткізуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.
Тест тапсырмаларының саны, мазмұны мен түрі, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағаттардың саны МЖМБС-ға сәйкес тест спецификациясымен анықталады. Тест спецификациясын Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) әзірлейді.
Білім беру ұйымдарында ББЖМ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды ҚР БҒМ уәкілетті өкілдері (білім беруді басқарудың облыстық, аудандық органдарының, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің) жүзеге асырады.
Тестілеу рәсімдерін бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етуді, ББЖМ нәтижелерін статистикалық өңдеуді Ұлттық тестілеу орталығы уәкілетті орган белгілеген мерзімде жүзеге асырады.
ББЖМ нәтижелері, оны аяқтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім беру ұйымдарына хабарланады. Сондай-ақ білім алушылардың нәтижелері тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында бірден көрсетіледі.
ББЖМ нәтижелері бойынша әрбір білім беру ұйымы кері байланыс алады

  • білім беру сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар түрінде әдістемелік көмек алады, бұл:

  1. білім беру сапасына әсер ететін факторларды (білім алушылардың оқудағы қиындықтары, оларды даярлаудағы олқылықтар, педагогтердің кәсіби дамуына қажеттілік) анықтауға;

  2. әдістемелік қолдау көрсетуді қажет ететін білім беру ұйымдарын анықтауға;

  3. білім беру ұйымдарының педагогикалық әлеуетін күшейтуге ықпал

етеді.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы кешенді талдау
жұмысын жүргізе отырып, әрбір өңірдегі әрбір мектеп бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлейтін болады.
Білім беру ұйымдары педагогке оқу процесін жоспарлау үшін қажетті оқытудың белгілі бір кезеңдеріндегі білім алушылар жетістіктерінің деңгейі туралы қорытынды ақпаратты; педагогтер мен мектептің қызметін, оқу бағдарламасының меңгерілуін бағалауға қажетті сынып пен мектептің жетістіктері туралы ақпаратты; ата-аналар үшін олардың балаларының білім жетістіктері туралы ақпаратты алады.
ББЖМ нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет- ресурсында орналастырылады.
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ шеңберінде үнемделген қаражатты мектептің қажеттілігіне (жабдық, жиһаз, интерактивті тақта және т.б. сатып алу) бөлу бойынша дербес шешімді жүзеге асырудың тиімді механизмдерін пысықтауы қажет. Жылдың соңына дейін қалған қаражатты сауатты жоспарлау кезінде шығыстардың қосымша баптарына (күрделі жөндеу, жабдықтарды сатып алу және т.б.) жұмсауға болады.
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес (63-бап, 3-тармақ) мектептер ақылы қызмет көрсете алады. Бұл қызметтерге:

    • қосымша білім беру бағдарламалары (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктері мен қызығушылықтарын дамыту);

    • оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар мен сабақтар циклдері) бойынша қосымша сабақтар;

    • пәндердің (сабақтар мен сабақтар циклдері) ғылыми негіздерін тереңдетіп оқыту;

    • білім алушылар мен тәрбиеленушілер және тағы басқалар арасында: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар т.б. іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

    • музыка аспаптарын пайдалануға беру және интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;

    • жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету кіреді.

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру- сауықтыру және спорт ғимараттарын жалға беруде белгіленген тәртіпті қатаң сақтау талап етіледі (ҚР БҒМ 2020 жылғы 18 ақпандағы 65 бұйрығы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет