«Құқықтықсана–қауымғапана» жобасы білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған. Осы жоба шеңберінде білім беру ұйымдарында заманауи әдістемелер негізінде білім беру және тәжірибеге бағдарланған іс- шараларды өткізу жоспарлануда.
Білім алушылардың сана-сезімі мен құқықтық мәдениетінің қалыптасу критерийлері: негізгі заңдарды білу, түсіну және міндетті түрде орындау, құқықты, заңдылықты құрметтеу, алған білімдерін күнделікті өмірде өз бетінше және функционалдық сауатты түрде пайдалана білу; нормаларға қайшы келмейтін мінез-құлық, құқыққа қарсы құбылыстардың, әрекеттердің кез келген түрін қабылдамау, академиялық адалдық.