30
5) тіл мен мәдениет арасындағы байланысты түсінеді; қазақ тілін ана тілі
ретінде меңгеру арқылы білім алушылар алған білімін әлемдік мәдениетпен
ұштастыра алады, адамгершілік құндылықтарды айқындайды, оған анализ жасау
және бағалау дағдыларын қалыптастыра отырып, кез келген жағдайдан шыға
білу дағдыларына ие болады;
6)
поэзиялық, прозалық, драмалық шығармаларды, сондай-ақ ғылыми және
бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын (газет-журналдар т.б.) сын
тұрғысынан оқи отырып, өз түсініктерін
дамытады; оқу арқылы танымдық
дағдыларын арттыра отырып, білім әлеміне жол ашады;
Қазақ әдебиеті білім деңгейі, ой-өрісі дамыған,
әдеби тіл және әдеби
формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше
білетін өмірге бейім ұрпақ тәрбиелейді. [17]
Теориялық материалдар білім алушының қазақ әдебиеті туралы
ұғымдарын кеңейтуге, әдебиет туралы дүниетанымын қалыптастыруға және
адамзатқа ортақ ойларды, дилеммаларды, мінездерді зерттеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде табысты болу үшін білім алушыларға білім қандай қажет
болса, дағды да сондай қажет деген пікірді қолдаушылар саны артып келеді. Бұл
білім алушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін
және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану білім
алушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген
кең ауқымды
құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.
Бұл пән әдеби шығармаларды оқытып қана қоймай, танымдық және
коммуникативтік
дағдыларын
қалыптастыруға
да
негізделген.
Оқу
бағдарламасында білім алушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық
мүмкіндіктеріне сәйкес пәннің мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемі
анықталған. Әр сыныпта оқытылатын шығармаларды таңдау кезінде қазіргі
замандағы баланың жас ерекшелігімен қатар
танымдық ерекшеліктері де
ескерілген.
білім алушы толық түсінбейтін ұзын сонар туындыларды шала-шарпы
оқып шығудан гөрі бір шығарма болса да оны саналы түрде түсініп, талдап,
зерттеп, кейіпкерлерді салыстырып, олардың әрекетіне баға беріп, сол
шығармалар арқылы оқырмандық сауаттылығын қалыптастыру көзделуі тиіс.
Кең ауқымды дағдылар білім алушының мектептегі білім алу
тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де
жетістігінің кепілі
болып табылады. Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны
оқу мақсаттарына бағынады және білім алушылардың меңгерген білім, білік
және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында
шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға,
жетістікке қол
жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға
ынталандырады.
Достарыңызбен бөлісу: