27
Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып
табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін
нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары білім
алушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі
ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. Оқу
бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара
шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын
және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі мектепті бітіргеннен
кейінгінәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен
қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғаны оның ерекше
өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылу жүйесі: білімді
функционалдық және шығармашылық тұрғыда қолдану, сын тұрғысынан ойлау,
зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды,
қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке жұмыс
істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды
дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар білім алушының
мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де
жетістігінің кепілі болып табылады.
Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер
білім алушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің
жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау
және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау
үшін шығармашылық тұрғыдан қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар
жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық,
өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер
өзекті болып отыр.
Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу
мақсаттарына бағынады және білім алушылардың меңгерген білім, білік және
дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында
шығармашылықпен қолдануға дайындығын қалыптастыруға, жетістікке қол
жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға
ынталандырады.
Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы:
«
Достарыңызбен бөлісу: