Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет16/77
Дата01.02.2023
өлшемі3,26 Mb.
#167072
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77
Байланысты:
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

«Физика» оқу пәні 
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде білім алушының дамуындағы оның 
үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан-жақты дамытуға бүгінгі 
таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль 
атқарады. Мектепте білім алушыларға ұсынылатын оқу бағдарламалары бәріне 
бірдей болғанмен, білімді барлығы бірдей меңгернмейді. Білім беру 
мекемелерінде білім алушылардың үлгермеушіліктерін уақытылы жою 
міндеттері тұр. 
Үлгермеуші – оқу үрдісінде бір мезгіл аралықта кешенді, қорытынды 
дайындығы байқалмайтын білім алушы. 
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыстың түрі көп. Олар таным 
компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл 
артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. білім алушылардың 
негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, 
түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте 
тығыз байланысты. білім алушы меңгеретін материалдың қиындығына 
соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан 
кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу білім алушылар әрбір сабақ 
кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын 
және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. 
Психолог ғалым А.М. Гельмонт оқудағы үлгермеушілік себептерді оның 
категорияларына байланысты бөлуді міндет етіп қойған. Ол оқу пәндерінің саны 
мен үлгермеушілік тұрақтылығына байланысты үлгермеушіліктің 3 түрін бөліп 
көрсеткен. [39] 
Жалпы және тұрақты үлгермеушілік - ұзақ уақыт бойы барлық немесе 
көптеген пәннен үлгермеу. 
Жекелеген, бірақ салыстырмалы тұрақты үлгермеушілік – бұл бір немесе 
екі үш қиын пәндерден үлгермеу. 
Эпизодтық тұрғыдағы үлгермеушілік – бірде жеңіл пәннен бірде екінші 
пәннен үлгермей қалу. 
I категория себептері ретінде: білім алушының алдыңғы дайындығының 
төменгі деңгейі әр түрлі себептерге байланысты қолайсыз жағдайлар (дене 
кемістіктері, ауру, тұрмыс жағдайының нашарлығы, ата-ананың қамқорлығының 
жоқтығы); білім алушы тәрбиесінің жетіспеушілігі (жалқаулық, тәртіпсіздік); 
ақыл – ойының дамуының әлсіздігі. 
II категория алдыңғы сыныптардағы кемшіліктер, оқылатын пәнге деген 
білім алушының қызығушылығының жетіспеушілігі, оқудағы қиындықтарды 
жеңуде ерік әлсіздігі; 
III категория дұрыс оқытпау, оқудағы бақылаусыздық, сабаққа дұрыс 
қатыспау, сабақтағы зейінсіздік, үй тапсырмаларын жүйелі орындамау. 
Физика сабағында үлгерімі төмен білім алушыларды болдырмау үшін 
үлгерімі төмен білім алушыларды педагогикалық, оқу-әдістемелік сүйемелдеу 
қажет. 


41 
Үлгерімі төмен білім алушыларды педагогикалық, оқу-әдістемелік 
сүйемелдеудің мақсаты үлгерімі төмен білім алушылармен жыл бойы жұмыс 
жүргізе отырып, қабілеті төмен білім алушылардың жеке тұлғалық 
мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, 
мемлекеттік білім стандартын меңгерту. 
Ол үшін физика сабағында сыныптағы үлгерімі төмен білім алушыларды 
анықтау қажет. 
Атқарылатын жұмыстың түрлері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет