Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет35/77
Дата01.02.2023
өлшемі3,26 Mb.
#167072
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77
Байланысты:
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

мысал.
Сабақта өтілген материалға білім алушының зерттеу тақырыбы 
тұрғысынан қайта оралу идеясы. Тақырыпқа қатысты «Білгім келеді» 
сұрақтарын өз-өзіне қойып, әрбір білім алушы сұрақтар қалыптастырады және 
жазып қояды. Кейс осы сұрақтардың негізінде туындаған проблемалық 
жағдаятқа құрылады.


82 
Интерактивті ақпарат алмасу ( білім алушылардың жобалық 
жұмыстарынан ақпарат алу) және талқылау. Зерттеу жұмыстарының 
тақырыптары (үлгі ретінде): 
1.Мұхтар және Ержан - «Табиғи радиациялық фонның өзгеруін зерттеу». 
2. Айгерім – «Топырақтың радиоактивтілігін зерттеу». 
3. Мейірхан – «Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері». 
4. Ақмарал – «Ауыз су сапасын жақсартудың физикалық тәсілдері». 
5. Раушан – «Баспана (киіз үй) қасиеттерін физикалық тұрғыдан зерттеу». 
6. Мақсат – «Жергілікті жердегі өсімдік жапырақтарының оптикалық 
жүйесін зерттеу».
7. Айна - «Іштен жану двигателдерін жетілдіру жолдары». 
2 мысал. 
Тақырыпты толықтыру барысында білім алушылардың пікірлері 
қамтылады. 
Сабаққа қатысқан білім алушылардың ой-өрісінің кеңдігіне, қызығатын 
тақырыбына байланысты айтатын ойлары мен пікірлері де өзгеше болады. Бұл 
сабақтың нәтижелілігі негізінен білім алушылардың белсенділігіне байланысты. 
Себебі, сабақтың барысында әр білім алушы өзін танытатын басты кейіпкер.
Кейс мәтіні: 
«Кестеде бір біріне жақын орналасқан 4 ауданның бақша өнімдерінің 
құрамындағы радионуклидтердің мөлшері көрсетілген. Талдау облыстық 
радиологиялық зертханада жасалған. Алынған бақша өнімі халықтың тұтынуына 
жарамды ма? Оны қалай білуге болады. Құрамында радиоактивті изотоптар бар 
өнімді тұтыну қаншалықты қауіпті?» 
5-кесте. Радионуклидтердің рұқсат етілетін нормасы (қосымша дерек). 
Көмекші ресурс ретінде радионуклидтердің рұқсат етілетін нормасы 
бекітілген кестені пайдалану ұсынылады. Салыстырмалы талдау жүргізу үшін 
кестеден Cs-137 мен Sr-90 рұқсат етілген мөлшерін алуға болады. [7] 
Сонымен бірге, 9-сыныптың және 11-сыныптың «Физика» оқулығын
қосымша интернет ресурстарының ақпараттарын қолдануға болады. 
Физика пәнінде SMART технологиясын жаратылыстану саласы пәндерінің 
мазмұнында тығыз пәнаралық байланыста қолдану білім алушылардың 
шығармашылығын арттырады. SMART технологиясын білім алушылардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет