Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқу пәні



Pdf көрінісі
бет43/77
Дата01.02.2023
өлшемі3,26 Mb.
#167072
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77
Байланысты:
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқу пәні
 


96 
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Алғашқы әскери және 
технологиялық дайындық» оқу пәнін оқытуды ұйымдастырудың нысандары мен 
әдістері өзгеруде. Пәнді оқыту процесінің келесі ерекшеліктері: білім алушыға 
дайын білім берілмейді, ал білімді білім алушы өзі, мұғалім ұйымдастырған 
бірлескен орта, іздеу қызметі арқылы алады. 
Оқытуды ұйымдастыруды түсіну барлық жүйені анықтауға мүмкіншілек 
береді, дидактикалық аппараттың ұғымдық-категориялық құралғысы өзара 
байланыста олар: «оқыту» және «бiлiм беру», «ұйымдастыру түрлері» және 
«оқыту әдістері», «оқыту қағидаттары» және тағы басқалар. Бұл жаңа және 
дәстүрлі білім беру технологияларын қолданудың болашағы мен мақсатқа 
лайықтылығы туралы туындаған сұрақтарды анықтау жолдарын көрсетеді
өйткені олар оқыту түрлері мен формаларын дұрыс түсінуге байланысты, 
оқытудың түрлері мен әдістерінің ғылыми теориясы оқыту процесінің 
материалдығы мен мәніне тұтастай бағынышты. 
Оқыту – бұл бірінші кезекте білімі мен тәжірибесі және оны 
шыңдайтындар арасындағы ұйымдасқан қарым-қатынас. Оқыту әдісін осылайша 
сипаттау арқылы оқытудың жеке бір бөлігі емес, тұтас жүйесі құрылады. 
Оқытуды айқындау және сипаттау келесі жағдаяттардан тұрады: оқытудың 
мақсаты мен міндеттері, оқыту құралдары, оқытушының жетекшілік етуі, білім 
алушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру, оқыту процесінде өзгерулері, қол 
жеткізген нәтиже немесе мақсат. Міне, осылайша оқыту әдісінің мән-мағынасы 
анықталады және оқыту процесінің ішкі немесе сыртқы жақтарын (сұрау, жаңа 
материалдарды мазмұндау, бекіту, білім алушылардың өзбетімен жұмыстары, 
бақылау) қарастырмайды – оқыту процесін тұтас қамтиды [47]. 
Әрбір сабақты өткізу үшін мектеп директоры бекіткен сабақ жоспары 
құрылады. Сабақтың жоспарында төмендегілер көрсетіледі: тақырыбы, оқу және 
тәрбиелік мақсаттары, сабақта қарастырылатын оқу сұрақтары, оқу уақытын 
бөлу, жалпы білім беретін пәндермен оқу сұрақтарының байланысы
материалдық қамтамасыз ету және сабақ барысы. Қажет болған жағдайда сабақта 
қарастырылатын оқу сұрақтарына байланысты оқу материалдарының қысқа 
мерзімді жоспар мазмұнда беріледі. 
Оқытушы-ұйымдастырушы білім берудің жалғыз қайнар көзі болып 
қалмай, 
білім 
алушылардың 
белсенді 
оқу-танымдық 
іс-әрекеттерін 
ұйымдастырушы ретінде қызмет ету керек. 
Білім 
беру 
бағдарламасының 
табысты 
болуы 
оқытушы-
ұйымдастырушыдан әрбір сабаққа мұқият та, тиянақты дайындалуды және 
жоспарлауды талап етеді. Сонымен қатар белсенді де, командалық оқыту, сыни 
тұрғыдан бағалау секілді заманауи педагогикалық технологияларды қолданған 
дұрыс. Бағдарлама іс жүзінде орындалатын әрекеттерді және зерттеушілік 
дағдыларды дамытуға бағытталған. 
Мектептегі білім беру мазмұнының байланысты «Алғашқы әскери және 
технологиялық дайындық» пәні бойынша үлгерімі төмен білім алушылармен 


97 
жұмыс істеу әдістері мен нысандары өзгереді. Пәнді оқыту процесінің мынадай 
ерекшеліктері бар: білім алушыға дайын күйіндегі білім деңгейі берілмейді, яғни 
білім алушы мұғалім ұйымдастырған зертханалық орта мен іздену іс-әрекеттері 
арқылы білім деңгейіне өздігінен қол жеткізеді. Мәтіннің мағынасын түсіну және 
оқу сауаттылығына (аралас және дискретті (үлеспен берілген) мәтіндерді оқу, 
ақпаратты үлгі, кесте, алгоритмдер түрінде беру) баса назар аударылады.
 
Қазіргі заманғы сабақтарды былайша түсіндіруге болады:
1.
Шындықты түсіндіру, шындықты іздеу және оның мағынасын ой 
елегінен өткізу. Бұл дегеніміз, мазмұны ғылыми білімнен құралған рухани 
қарым-қатынас және соның нәтижесінде әрбір субьект зерделеу қасиеті дамып, 
рухани байлыққа ие болады. Шындық білім алушының иығына арта салатын жүк 
емес, жеке тұлға шындықтың шыңына шығуға ұмтылып, оның мән-мағынасын 
түсінуі керек. Мысалдар: аяқталмаған тезис, мұғалімнің «мен» түсінігін 
трансляциялау, ынталандыру. 
2.
Бала өмірінің бір бөлігі және оның өмірі жалпыадамзаттық мәдениеттің 
жоғары деңгейінде қалыптасуы керек. Сәлемдесу, бір-біріне түсіністікпен қарау, 
мейірбандылық, этикет секілді оң әрекеттерді қалыптастыру керек. Тәрбиелеу – 
бұл дегеніміз, баланың мұғаліммен бірге және оның көмегімен қазіргі заманғы 
мәдениетке қадам басуы. 
3.
Шынайы өмірді ізгілендіру, адамзат баласын ең басты құндылық деп 
мойындау, жеке тұлғаның дербес дамуына мүмкіндік беруге бағытталған еркін 
сабақ. білім алушы әрдайым мақсат-нысана болып табылады, ол ешқашан да 
тәрбиелеу құралы болмауы керек. 
4.
Табыстылық жағдайын, адамның жекелеген жетістіктерге қол жеткізуін 
сезіндіруге қажет жағдай құру. Мысалдар: қолдау көрсету, әрбір әрекетті 
бағалау, үрейге жол бермеу, мейірбандылық, басқалармен салыстырмау. 
5.
Жыныстық (гендерлік) тәрбие. 
6.
Топтасып әрекет етуді ұйымдастыру. 
7.
Үйлесімін тапқан сабақ, сабақтың мазмұнының байлығы, оның сыртқы 
келбеті мен шамасы. Сабақтың тиімді (оң райда) өтуі. Мысалдар: педагогикалық 
жағдайды түзету, ойындар, өздігінен реттеу үлгілері; шындықты анықтау, 
жақсылық жасау, сұлулықты анықтау секілді құндылықтарды дәріптеу. 
Үлгерімі төмен білім алушылармен сабақ өткізудің келесі алгоритмін 
ұсынамыз: 
1.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу 
бағдарламасы бойынша сабақтың пәндік нәтижелері түріндегі мақсаттар мен 
міндеттер анықталады.
 
2.
Мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін сәйкес келетін түрлер 
таңдалуы керек: оқытудың белсенді және интерактивті түрлері (олардың келбеті 
және мәтін бойынша сабақ тақырыбына сәйкес келуі). 
3. Уақытпен, іс-әрекет түрі және ресурстармен байланысқан сабақ 
кезеңдері. Әр сабақтың құрылымы келесі құрам-бөліктерден тұрады: 
1) білім алушыға түсінікті тілде жеткізілген сабақтың мақсаттары («Нені 
білетін боламыз, нені үйренеміз»); 


98 
2) тапсырма/сабақта жұмыс істеуге қажет білім және біліктілікті 
өзектілендіру; 
3) сабақтың мәтіндік және көрсетуге арналған (иллюстрациялық) 
материалдарынан құралған жаңа мазмұндағы білім деңгейін игеруге қажет 
тапсырмалар жүйесі (мәтінмен және көрсету материалдарымен жұмыс жасау, 
сыныптағы жұмыс); 
4) сабақтың мазмұны бойынша қысқаша түйіндеме («Қорытынды 
жасайық», сыныптағы жұмыс); 
5) қорытынды бақылау жұмыстарын ұйымдастыруға арналған сұрақтар 
мен тапсырмалар (өзіндік
 
бақылау сұрақтары); 
6) үй тапсырмаларын және шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды 
беру. 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және 
практикалық сабақтарда іске асырылады: 
- теориялық сабақтарды оқытудың дидактикалық материалдарын, 
техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып, әңгімелеу 
және сұхбаттасу түрінде өткізіледі; 
- практикалық сабақтар оқулық қару және әскери-техникалық мүлікті, 
құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын игеруге 
бағытталады. 
Кіріспе сабағын өткізу барысында үш оқу сұрағы қарастырылады.
Бірінші оқу сұрағы –
оқу орындарында алғашқы әскери дайындық сабағын 
заңнамалық негізде ұйымдастыру, бұл оқу сұрағын қарастыра отырып білім 
алушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабының 
талаптарын жеткізу қажет, алғашқы әскери дайындық сабағы оқу орындарында 
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпанындағы «Әскери қызмет және 
әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» заңының талаптары негізінде 
жүргізіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет