Фармакотерапия пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізбесі 1) Фармакотерапияға кіріспе. Фармакотерапия пәні мақсаттары, түрлері. Фармакотерапияның теориялық және клиникалық пәндермен байланысы. Фармакотерапия-клиникалық медицинаның қарқынды дамып келе жатқан бағыты және консервативті емдеудің негізгі әдістерінің бірі. Қазіргі фармакотерапия- клиникалық медицинаның тез дамып келе жатқан бағыты және дәрі-дәрмектерді қолданудың ғылыми жүйесін дамытуда. Фармакотерапия негізінен клиникалық диагностиканың заманауи әдістеріне, дәлелді медицина әдіснамасына және клиникалық фармакологияға негізделген. Қазіргі фармакотерапияның ғылыми принциптері фармакология, патологиялық физиология, биохимия, сондай-ақ клиникалық пәндер негізінде қалыптасады.
Фармакотерапия мақсаттары: Клиникалық фармакология бойынша дәрілік заттарды рационалды түрде қабылдау үшін оларды оңтайландыру мақсатында дәрігерлерді ақпараттандыру саласындағы фармацевттердің қызметін наукастың оңтайлы жағдайына қарай дәрілік заттардың оңтайлы бағасы мен кауіпсіз түрлерін ұсыну және ағзадағы негізгі аурулардың белгілерін айқындауға бағдар беру.
Фармакотерапияның негізгі мақсаттары: а) клиникалық фармакотерапияның, фармакотерапияның теориялық негіздердің толықтай жүйесін ұсыну, аурудың негізгі белгілері туындаған сәттен дерттік байланысын қарастыру.
б) фармакотерапия және клиникалык фармакологияның жалпы қағидаларын ұсыну жолдарын қарастыру.
в) дәрілік заттардың фармакокинетикалық параметрларын бағалау және зерттеу.
г) дәрілік заттардың фармакодинамикалык тиімділіктерін бағалау және зерттеу.
д) дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының байланысы мен өзара шарттылығын зерттеу.
е) дәрілік заттардың болымды өзара байланыстарының бағасы (фармацевтік, фармакокинетикалық).
ж) фармакоркинетиканың және фармакодинамиканың, физиологиялык жағдайда дәрілік заттарды колдану ерекшеліктерін зерттеу.
Клиникалық фармакологияның міндеттері: * Жаңа ДЗ-ға клиникалық зерттеулер жүргізу, жаңа және генерикалық ДЗ-ға сараптама жүргізу, бұрыннан бар ДЗ-ның жаңа әсерлері мен қолданылу салаларын анықтау үшін ғылыми базаны қамтамасыз ету;
* ДЗ қолданудың жаңа тәсімдері мен тәсілдерін әзірлеу;
* ДЗ және медициналық қызметтер нарығын реттеуге қатысу;
*ДЗ формулярларын жасауға қатысу;
* Жекелеген емдеу мекемелерінде фармакотерапияны оңтайландыру;
* ДЗ қауіпсіздігін кешенді бағалау;
* ДЗ пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік нәтижелерін бағалау;
* Клиникалық практика бойынша ұсыныстар жасау.