Ағзаға парентеральды жолмен енгізілу:
* көктамыр ішілік; * артерияішілік; * бұлшық етке; * тері астына;
* интратекальды (эндолюмбальды, интравентрикулярлы, іш құрлысына, плевра ішіне т.б);
* перидуральды; * трансдермальды; * интраназальды; * ингаляционды.
Парентральды енгізілудің артықшылықтары:Терапевтік әсердің жылдам дамуы,Максимальды концентрациясын есептеу мүмкіндігі,Басқа жолдармен енгізуге жарамайтын препараттарды енгізу мүмкіндігі бар, Биожетімділік жоғары, Көлем үлкендігі
Кемшіліктері:Ауырсыну тудырады, Білікті медициналық маманның болуын қажет етеді;
Инфекциялық асқыныс, тромбоз, эмболия тудыруы мүмкін; Антисептика, Қолдану ыңғайсыздығы.
Дәрілік заттардың таралуы — бұл ДЗ әр түрлі тіндерге, мүшелерге, ағзаның сұйық орталарына өтуі, жинақталуы. Фармакодинамикалық әсердің қарқындылығын ДЗ тіндерде жинақталу дәрежесі анықтайды.
Таралу көрсеткіштері:
* Алғашқы концентрация (Со) — көктамыр ішіне енгізген соң, сол мезетте мүшелер мен тіндерге таралған, қан плазмасындағы препараттың концентрациясы.
* ДЗ қандағы максимумды концентрациясы (Сmax) — парентеральды немесе пероральды енгізген соң дамыған қан айналым жүйесіндегі препараттың максимальды концентрациясы.
* Стационарлы (тұрақты) концентрациясы (Css) — ағзаға үздіксіз, тұрақты жылдамдықпен түсіп отырғандағы препараттың қан плазмасындағы концентрациясы.
* ДЗ таралу көлемі (Vd) — бұл қан плазмасынан препараттың тіндермен ұсталыну дәрежесі.
Дәрілік заттардың таралуына әсер ететін факторлар:
* регионарлы қан айналымның қарқындылығы;
* ДЗ қан плазмасындағы белоктармен және тіндік құрылымдармен байланысу дәрежесі;
* ДЗ липидтерде ерігіштігі.
ДЗ көп бөлігі сіңірілген соң, қанмен жақсы қамтамасыз етілетін мүшелер мен тіндерге түседі, олар:
* бүйрек, өкпе, ми, бүйрек үсті безі, қалқанша безі (перфузия жылдамдығы -1мл/мин);
* бауыр, жүрек, көк бауыр (перфузия жылдамдығы — 0,1-1мл/мин);
Достарыңызбен бөлісу: |