Әр түрлі этиологиясына байланысты инфекциялар көрінісі
Тұмау:
- тəн эпиданамнез;
- жедел кенет басталу;
- жоғары қызба, айқын улану,
-маңдай-самайлық бөлімдегі бас ауыруына,
-терлегіштікке шағымдану;
- катаральді синдром кезінде басымырақ ринит, трахеит белгілері (мұрын бітелу, жөтелу), «вирусты аңқа»;
Парагрипп:
- топтық аурушаңдықты, эпидемиялық ошақты анықтау;
- инкубация 2-4 күнді құрайды;
- мезгілділік - қыстың соңы, көктемнің басы;
- аурудың басы біртіндеп басталады;
- ағымы баяу
-температуралық реакция 38.С аспайды;
-Дауыстың қырылдауы, құрғақ жөтел байқалады.
Респираторлық инфекция:
- ұжымдардағы, жанұялық ошақтағы топтық аурушаңдықты анықтау;
- инкубация 2-4 күн;
- басым жағдайда қыс-күздік мезгілдік;
- ауру жіті кенеттен басталады;
- температурлық реакция тұрақты емес, аздаған улану;
- ағымы жіті, ауру ұзақтығы 1-3 күн.
Аденовирусты инфекция:
- топтық аурушаңдықты, эпидемия ошағын анықтау;
- инкубация 5-8 күн;
- басым жағдайда жаз-күзгі мезгіл;
- басым жағдайда зақымдану ауа-тамшылы жолман,
- ауру жіті басталады;
- мұрынжұтқыншақ, көмекей сілемейлі қабатының экссудативті қабынуы қосылады;
- негізгі симптомокомплекс – фарингоконъюнктивальді қызба;
- ағымы ауыр емес, 7-10 күнге дейін созылуы мүмкін.
Респираторлық-синцитиальді:
-топтық аурушаңдықты, эпидемия ошағын анықтау;
- инкубация ұзақтығы 3-6 күн;
- жылдың суық мезгілінде;
- субфебрильді температурамен
- тəн жөтел, бастапқысында құрғақ, сонан соң продуктивті, жиірек ұстаматəрізді;
- айқын тыныс алу жеткіліксіздігі;
- жиірек вирусты-бактериальді пневмониямен асқынады.
Риновирусты инфекциялар:
- топтық аурушаңдықты анықтау;
- инкубация 1-3 күн;
- мезгілділік – күздік-қыстық;
- тез, жіті басталады;
- ағымы жеңіл;
- температуралық реакция,;
жетекші көрінсітер- көлемді серозды, əрі қарай сілемейлі бөлінділермен ринит.
Емі:
-Жартылай төсектік режим
-Дезинтоксикациялық терапия
-Спирттік ерітіндімен сылау
-Жылы ванна
-Ыстықты түсіретін свечалар:Эфералган,цефикон,виферон,парацетомол
-СЕҚҚ препараттар-(парацетомол,ибупрофен,диклофенак,Coldrex,tera-flu)
-Антигистаминді препараттар-(димедрол,супрастин,лоратидин)
Тамақты марганцовка, фурациллин, сода немесе түймедақ ерітіндісімен шаю, сонымен қатар ингаляция жасау: 300 грамм суды қайнату, оған 30—40 тамшы эвкалипт тұнбасын немесе 2—3 қасық картоп қабығын не ½ шай қасық сода қосу.
Аяққа қыша қосылған ванна (5 — 10 мин.) жасаған дұрыс, содан кейін табанды қыздыратын маймен ысқылау керек.
Дәрігер жазып берген дәрілерден басқа, итмұрын қайнатпасы, бүлдірген мен бал қосылған шай, жөке қосылған шай сияқты дәмді «дәрі-дәрмектерді» қабылдауға болады.
Қатты жөтелде келесі тәсіл көмектеседі. Шикі тұрыпты жіңішкелеп турап, бетіне қант шашу. Содан пайда болған шырынды бір ас қасықтап сағат сайын қабылдау. Тұрыпты үккішпен ұсақтап, шырынын дәке арқылы сығу. 1 литр шырынды балмен араластырып, асқа отырар алдынды және ұйықтар алдында 2 ас қасық қабылдау.
Балмен араласқан сарымсақ қабылдаған да дұрыс. Түнге қарай бір ас қасықты жеп, сосын су ішу ретінде аяқтаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |