Фармакотерапия пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізбесі


) Аллергиялық аурулардың (есекжем,Квинке ісінуі, аллергиялық ринит) негізгі белгілері мен синдромдары. Аллергиялық аурулардың фармакотерапиясы



бет54/61
Дата07.06.2022
өлшемі122,83 Kb.
#146167
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61
Байланысты:
отв.Фармакотерапия сессия

32) Аллергиялық аурулардың (есекжем,Квинке ісінуі, аллергиялық ринит) негізгі белгілері мен синдромдары. Аллергиялық аурулардың фармакотерапиясы.
Аллергиялық аурулар деп сыртқы ортадан енген аллергендерге қарсы иммундық реакциядан тіндердің жарақаттануынан туатын ауруларды айтады.Аллергендер- аллергиялық реакция тудыратын белокты заттар немесе сондай қасиетке ие бола алатын жай құрылымды заттар. Организмнің белогімен қосыла отырып, олар аллергендік қасиеті бар күрделі антиген құрайды. Аллергендер:
Экзогенды: - инфекциялық емес: тамактан, дәрі-дәрмектер, химиялық заттар, әртүрлі иістер, химиялық заттар ж.т.б.
- инфекциялық: батериальды, вирустық, саңырауқұлақтар.
Эндогенды: - біріншілік (көздін хрусталигі, тиреоглобулин ж.т.б.)
- екіншілік : инфекциялық және инфекциялық емес факторладың әсерінен организмде зат алмасу үрдістердің бұзылуынын пайда болады.
Тіндердің аллергиялық жарақаттануын төрт түрге бөледі:
1. Реагинді тип (I тип)
2. Цитотоксиялық тип (II тип)
3. Иммундық жинақпен жарақаттану (III тип)
4. Баяу дамыған аллергиялық реакция (IV тип)
Аллергиялық реакцияның дамуын үш кезеңге бөледі:
1. Иммунологиялық кезең. Антигенге қарсы иммундық жүйеде өзгерістер болып, антиденелер құрылады және осы аллерген организмге қайта түссе, онымен қосылады.
2. Патохимиялық кезең. Аллергеннің антиденелеріне қосылуынан, баяу жауап беретін заттар (гистамин, серотонин, баяу жауап беретін субстанция, простогландиндер, лимфокиндер) бөлінеді.
3. Патофизиололгиялық кезеңі қабындырғыш медиаторлардың әсерінентіндері жарақатталған ағзалар аурулардың клиникалық белгілерінің білінуі.
Дәрілік аллергия:бұл ағзаның жауабы, симптомдары бойынша аллергиялық аурулардың көріністеріне сәйкес, себебі иммундық жүйенің дәрілік затқа қарсы антиденелер және иммунды жасушалар өндіруі болып табылады. Кез-келген дәрі аллергия шақыруы мүмкін.
Клиникалық көрінісі: Дәрілік аллергияның балаларда кездесетін жиі симптомдары: терідегі есекжем түріндегі бөртпелер және Квинке ісінуі. Ауыр жағдайларда анафилактикалық шок дамуы мүмкін. Дәріге реакция дәрі енгізілгеннен кейін бірнеше секундта немесе бірнеше минутта дамуы мүмкін, бірақ кейде бірнеше күн болуы да мүмкін.
Жедел жәрдемі: барлық дәрілерді қабылдауды тоқтату сорбенттер (белсендірілген көмір 1 таблетка 10 кг дене салмағына) тазалау клизмасы (бөлме температурасындағы су 1-1,5 литр көлемде) . Дәрілік аллергия симптомдары дамығаннан кейінгі 2-3 күн аштық. Ауру көріністері толық жоғалғанша гипоаллергенді емдәм . Аллерголог кеңесі. Жағдайына байланысты ауруханаға тасымалдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет