Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары:Көбінесе ДЗ ағзаға энтеральды жолмен енгізіледі:
* Ауыз арқылы* ішке (per os); * сублингвальды; * буккальды; * ректальды (per rectum).
Бұл енгізу жолының парентеральды енгізу жолымен салыстырғанда өзіндік артықшылықтары бар. Атап айтқанда, қолдануға ыңғайлы (медициналық персоналдың көмегін қажет етпейді), салыстырмалы қауіпсіз, ДЗ парентеральды қолданғанда дамитын асқынулардың болмауы,Ұзаққа созылған терапия үшін өте ыңғайлы.
Кемшіліктері:Терапевтік әсері баяу дамиды, Көптеген ДЗ асқазанның шырышты қабатын тітіркендіреді, АІЖ ауырсыну, Науқас ес-түссіз жатқан кезде, құсу, диарея кезінде қолданғануға жарамайды, Басқа ағзаға кері әсер ету, Бауырдың инактивациясы, Биожетімділікті төмендетеді.
Ағзаға парентеральды жолмен енгізілу:
* көктамыр ішілік; * артерияішілік; * бұлшық етке; * тері астына;
* интратекальды (эндолюмбальды, интравентрикулярлы, іш құрлысына, плевра ішіне т.б);
* перидуральды; * трансдермальды; * интраназальды; * ингаляционды.
Парентральды енгізілудің артықшылықтары:Терапевтік әсердің жылдам дамуы,Максимальды концентрациясын есептеу мүмкіндігі,Басқа жолдармен енгізуге жарамайтын препараттарды енгізу мүмкіндігі бар, Биожетімділік жоғары, Көлем үлкендігі
Кемшіліктері:Ауырсыну тудырады, Білікті медициналық маманның болуын қажет етеді;
Инфекциялық асқыныс, тромбоз, эмболия тудыруы мүмкін; Антисептика, Қолдану ыңғайсыздығы.
Сіңірілу дегеніміз — бұл ДЗ енгізілген жерінен қанға түсуі. Сіңірілу үрдісі ДЗ енгізу жолына, липидтерде ерігіштігіне, енгізген жердің қан айналымына байланысты. ДЗ артерия немесе вена ішіне енгізген кезде сіңірілу туралы сөз болмайды, өйткені, препарат тікелей қанға түседі.
Сіңірілудің механизмдері:
* пассивті диффузия — липофильді (липидтерде еритін) ДЗ тән;
* фильтрация — гидрофильді ДЗ (суда еритін) тән;
* кейбірДЗ белсенді тасымалдану жолымен сорылады.
Достарыңызбен бөлісу: |