100
Саралап оқыту ұстанымы әртүрлі білім алушылар тобының оқу әрекетін
ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін
және іс-әрекеттерді саралау
тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен,
мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды
қолдану – сараланған оқу іс-әрекеттерін
ұйымдастырудың шарты болып
табылады.
Коммуникативтік ұстаным:
Білім берудегі коммуникативтік ұстаным дегеніміз ақпаратты тарату мен
жариялауда, білім, білік және дағдылармен алмасуда екіден асатын адамдардың
сөйлеу арқылы атқарылатын әрекеттесу үдерісі. Коммуникативтік ұстанымның
нәтижесі болып тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі,
яғни тілдік және сөйлеу
нормаларын дұрыс пайдалана және қатынас жағдайына сай тиімді қатынас
жүріс-тұрысын
таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінің басқа
қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігі болып табылады.
Коммуникативтік ұстанымға сәйкес
ұйымдастырылған оқу процесі, қатынасу
икемділікті қалыптастыратын тапсырмаларды
және шынайы қатынас
жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды)
кіріктіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: