35
Өңірлік білім басқармалары жаңа 2022-2023 оқу жылын жариялайтын іс-
шараның жоғары идеялық-құндылықтық мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында
қажетті іс-қимылдарды үйлестіреді.
Білім беру ұйымдары оған бүкіл мектеп
қоғамдастығының қатысуын
қамтамасыз етеді.
Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты
бұл мектепте жаңа оқу
жылының ашылуына арналған әрі білім берудің
адам өміріндегі маңызы мен
рөлін айқындайтын іс-шаралар болып табылады.
Салтанатты жиынды өткізу түрін, қатысушылар құрамын білім беру
ұйымдары дербес айқындайды.
Мемлекеттік туды алып шығу және
гимнді орындау Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес
жүргізіледі
1
.
Салтанатты іс-шараның мақсаты:
жаңа оқу жылының басталуы
қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас
қалыптастыру.
Міндеттері:
- қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;
- білім алушылардың бойында оқуға құштарлық
пен білім алуға деген
ұмтылысын қалыптастыру;
- білім алушылардың бойына отаншылдық,
құрмет және азаматтық сана
құндылықтарын дарыту;
- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін
қалыптастыру.
Салтанатты жиынға келесі өкілдердің қатысуы ұсынылады:
- аудан/қала/облыс әкімдері;
- бөлімдердің/білім басқармаларының басшылары;
- қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
- 1-сынып оқушысының ата-анасы/заңды өкілі.
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының/заңды өкілдерінің бірінің
іс-шараларға қатысуының маңыздылығына назар аударамыз.
Достарыңызбен бөлісу: