Туған тілдің жанашыры кім десең....
Қай мектепте болмасын мектеп мұғалімдерінің мектеп өмірінде, әсіресе, шәкірт жүрегіне нұр ұялатып, рухани нәр егуде алатын орны ерекше. Осы ретте № 101 орта мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің істерін ерекше атағым келеді. Пән мұғалімдерінің сапалық құрамы бойынша 2 жоғары санатты мұғалім, оның бірі – Білім беру ісінің үздігі Қ.Қазанғапова – мектеп мұғалімдерінің де ұстазы, ақылшысы, жанашыры болса, екіншісі- Молдағажиева Сәуле – I деңгейлі бағдарламаны меңгерген тәлімгер ұстаз, бірлестік жетекшісі. Бірлестіктегі I санатты ұстаздар Әлиева Н, Сыздықова Ж,Тағанова Г, Аканова Г, Банашева С, Тілеубергенова Г, Сейтмұратова А, Жуынтаева Ж. Олардың ішінде Әлиева Н. былтырғы ҰБТ көрсеткішімен 3 оқушысы 25 ұпай алып, қала әкімінің алғысхатымен және арнайы сыйлығымен (ноутбук) марапатталды. Өзге мұғалімдер де сапалы жұмыс жүргізіп, шәкірттерін түрлі білім бәсекесіндегі сайыстар мен шараларға қатыстырудан ешбір жалыққан емес. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық пән олимпиадасында 9- сынып оқушысы Қалтай Ж. 2- орын алып, облыстық «Жарқын болашақ» атты қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өткізілген байқауда «жазушылар» бағыты бойынша 2- орын иеленді. Пән мұғалімі – Г.Тілеубергенова. Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің ұйымдастыруымен өткізген қалалық Ж.Жабаевтың 170 жылдығына арналған жас ақындар мүшайрасында 9 – сынып оқушысы Рахман Динар 1-орын алды. Пән мұғалімі – С.Молдағажиева, Қалалық «Мұқағали оқулары» көркемсөз оқу шеберлерінің сайысында 7-сынып оқушысы Сапарова Нүргүл 3-орын иеленді. Пән мұғалімі –Тағанова Г. Оқушылары қалалық, облыстық шығармалар байқауынан, көркем сөз сайыстарынан жүлделі орын алған пән мұғалімдері Әлімова А, Тілеубергенова Г, Тағанова Г. қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Жаңаша білім беру көкжиегіндегі 2013 жылдан бергі үздіксіз ізденіс, жаңа идеялар, жаңаша сабақтар легі нәтижесіз қалған жоқ. Педагогикалық шеберлік орталығының жыл қорытындысына орай алғыс хатына мектептегі «Тәжірибе алаңы» желілік қоғамдастығының жетекшісі, I деңгейлі мұғалім С.Молдағажиева ие болды. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының «Әл-Фараби» медаліне С.Молдағажиева, А.Әлімова қол жеткізді. Қалалық «Үздік мұғалім» байқауында пән мұғалімі Жуынтаева Жадыра 3- орынды иеленді.
Пән мұғалімдері оқушының жан дүниесін оятып, әдебиет әлеміне қанат қақтыруда түрлі сыныптан тыс шараларды ұйымдастырып отырады.
Биылғы оқу жылының өзінде –ақ қыркүйек айында апталық шаралардың легін бастап, Қазақстан Халықтары Тілдері күніне және Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған «Толғауы тоқсан қызыл тіл » атты онкүндік өткізді.
Апталық барысында іс- шара жоспары жасалып, жоспар бойынша бекітілген іс-шаралар ойдағыдай өткізілді. Ол шараларға мектептің әкімшілігі, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және 3-10 сынып оқушылары қатысты.
Апталықтың ашылуы қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің «Абай рухы- туған тілдің тірегі» атты қойылыммен ашылды. Халық ауыз әдебиеті арқылы нәр алып, ана тілін аналары арқылы бойына сіңірген Абай маңындағы әйелдер бейнесін сомдаған пән мұғалімдері ана тіліне деген құрметті шәкірт жүрегіне ұялата білді.
Достарыңызбен бөлісу: |