Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы «Отырар» колледжі СӨЖ ОЖ жұмыс жасау принциптері Орындаған:Бахауддин М.А Топ:1304-191 Қабылдаған:Аухатов Б.К
Шымкент 2022
Жоспар І Кіріспе ІІ Негізгі бөлім Желілердің мәні мен түрлері
Жергілікті есептеу желісі.
ІІІ Қорытынды ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І Кіріспе
Операциялық жүйе (ОЖ) компьютердің барлык құрылғыларының жұмысын және бағдарламалық жасақтауды басқару үшін қажет. Операциялық жүйе - компьютер косылғанда бірге жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама. ОЖ колданушымен сұхбат ұйымдастырады, орындауға басқа бағдарламаларды іске қосады, компьютердің ресурстарын (жедел жад, дискідегі орынды, т.б.) бөледі.
Дербес компьютерлер үшін ОЖ-лер бірнеше параметрлер бойынша ерекшеленеді: бір есепті және көп есепті; бір қолданушылық және көп колданушылық болып жіктеледі.
Бұдан басқа, ОЖ-де командалық немесе графикалық (немесе екеуі бірдей) көп терезелі интерфейс болуы мүмкін. Бір есепті ОЖ әрбір кезеңде компьютерде адамға бір ғана есепті шешуге, яғни тек бір ғана іспен айналысуға мүмкіндік береді. Көп есепті ОЖ бір мезгілде бірнеше бағдарламаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бұдан бірнеше жыл бұрын Місrosoft компаниясының қарапайым бір есепті, бір қолданушылы командалық интерфейсі бар МS-DОS операциялық жүйесі ең танымал болған.
Операциялық жүйелердің даму тарихы ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ – лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың ОЖ –лерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы — Ethernet, 1985 — Token Ring, 80ж. аяғында — FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды.. Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты.