БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕР
63
Бейнесабақтар мен оқу арналары: YouTube немесе Vimeo сияқты танымал плат-
формаларда бейнесабақтар мен оқу арналарын құру педагогтерге материалды
қызықты және қолжетімді түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл білім алушыларға
жаңа тұжырымдамаларды өз қарқынымен үйренуге және кез келген ыңғайлы
уақытта материалға оралуға мүмкіндік береді.
Сабақтарда цифрлық технологиялар мен шешімдерді пайдалану материал-
ды тиімді меңгеруге және білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамытуға
ықпал ететін ынталандырушы және интерактивті білім беру ортасын қалыпта-
стырады.
Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқыту мақсаттарын іске асыру
шеңберінде оқытудың интерактивті ортасын құру үшін интернет ресурстар-
мен жұмыс пайдаланылады, мысалы, 10-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәні оқыту
мақсатын іске асыру шеңберінде «10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік
құндылығын анықтап, бағалау» «Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» ортақ
тақырып бойынша білім алушыларға талқыланатын шығарманың тарихи және
көркемдік құндылығын бағалау үшін әдеби интернет-порталдарда ұсынылған
әдеби шығармаларға шолуларды зерделеу ұсынылады.
Әдебиет сабақтарын өткізу барысында әдеби шығармалардың фильмдерін қа-
рап, ары қарай оның идеясын, тарихи-мәдени құндылығын талқылау ұсыныла-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: