Назар аударыңыз! • Қолданыстағы НҚА-дағы өзгерістер мен толықтырулар Әділет ақпараттық жүй-
есінде көрініс табады https://adilet.zan.kz/kaz.
• Педагогтер МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламаларының
электронды нұсқасымен жұмыс жүргізе алады.
1.2 ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және
ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (ҚР Оқу-ағар-
ту министрінің 26.10.2023 ж. № 323 және 08.02.2024 ж. № 27 бұйрығымен енгізіл-
ген өзгерістерімен) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асыры-
лады.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітіл-
ген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қыз-
метінің үлгілік қағидаларына» сәйкес білім беру ұйымдары:
үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқар-
тылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады;
үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлiгiнiң құрамына кiретiн және нақты
ұйымның ерекшелігін көрсететiн оқу пәндерi бойынша оқу жұмыс жоспарын
және бағдарламаларын әзiрлеудi білім беру ұйымы дербес жүзеге асырады.
білім беру ұйымдары жұмыс оқу жоспарларының Үлгілік оқу жоспарына және
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стан-
дарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарын әзірлеу кезінде Баста-
уыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын (оның
ішінде төмендетілген оқу жүктемесімен) тиісті білім беру деңгейіндегі оқу жүк-
темесінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.
Бастауыш білім беру деңгейі бойынша: • тілдерді кезең-кезеңмен оқыту шеңберінде 3-сыныптан бастап аптасына 2
сағат көлемінде «Шетел тілі» пәнін оқыту енгізілетінін;