1-сыныптың соңына қарай оқушылар орындауы керек
Білу керек:
күн спектрінің негізгі түстерінің атаулары, үш негізгі түстерден қосымша және аралас түстерді алу әдісін;
көркемдік материалдардың түрлерін, олардың қасиеттері мен атауларын;
оқушылардың іс-әрекетінде пайдаланатын материалдардың (бейнелік және графикалық) ерекшеліктерін мен олардың бейнені құрап жасау мүмкіндіктерін;
- бейнелеу әрекетінің құрамдас бөліктері: сызық, нүкте, дақ, штрих, түс, симметрия, ою-өрнек, көлемді кескін және рельеф(бедер), аппликация(жапсырмалау)
белгілеу әдістері: иілу, шаблон бойынша жұмыс жасау;
желіммен қосылу тәсілдері;
шығармашылық жұмыстарын таныстырудың қарапайым мүмкіндіктерін;
Жасай білу керек:
көлденең, тік, көлбеу, доғалы, толқынды, қиылысатын сызықтарды орындау;
қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, гуашь, қара гельді қалам, ермексаз, сазды қолдану, түрлі-түсті қағаз, қатырма қағазбен жұмыс істеу;
түрлі көркем материалдардан халықтық ою-өрнек элементтерін орындау, ұлттық стильде композициялар жасау;
мұғалімнің көмегімен алдағы практикалық жұмысты талдау, жоспарлау, өзінің практикалық жұмыстарының нәтижелерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
-бейнелеу өнері сабақтарында алған білімдерінің көмегімен көркем-шығармашылық қызмет мәні мен мәтінінде (байланысында) көркем образды сомдауды іске асыру.
Қолдану:
көлденең, тік, көлбеу, доғалы, толқынды, қиылысатын сызықтарды салу;
негізгі түстерді қолдану және қосымша түстерді араластыру;
композицияның қарапайым әдістерін қолдану;
перспективаның қарапайым әдістерін қолдану;
әртүрлі графикалық және кескіндемелік материалдарды қолдану;
қарапайым графикалық және кескіндеме әдістерін қолдану;
қарапайым сәндік техниканы қолдану;
мүсіндік жұмыстарда «құрастыру»және «жабыстыру»тәсілдерін қолдану;
модельдеу мен жобалаудың қарапайым әдістерін қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |