Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет42/55
Дата25.12.2023
өлшемі385 Kb.
#199124
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57

5-7-сыныптар. Осы кезеңдегі кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты – еңбек туралы түсініктерін жалпылау және дамыту, еңбекке деген сүйіспеншілікке, еңбек адамдарына деген құрметке тәрбиелеуді жалғастыру. Әр түрлі мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету.

  1. сыныпта білім алушылардың кәсіптік бағдарлану негіздерін қалыптастыру және/немесе анықтау, әртүрлі тақырыптарға конкурстар, сауалнама және психологиялық тестілеу, сондай-ақ кәсіптік дағдыларды дамытатын кәсіптік бағдарлау ойындары арқылы білім алушылардың қызығушылық қабілеттерін ашу;

  2. сыныпта білім алушыны болашақ маманның белгілі бір кәсіби рөліне орналастыру, оларға виртуалды еңбек нарығының жұмыс істейтін қызметкері ретінде материалдар дайындау, психологиялық тренингтер, сондай-ақ кәсіптік дағдыларды дамытатын кәсіптік бағдарлау ойындары;

  3. сыныпта білім алушының кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, болашақ мамандығы бойынша еңбек нарығының нақты мамандарымен өзара байланыс және ынтымақтастық, халықты жұмыспен қамту орталықтарына бару, сондай-ақ кәсіби дағдыларды дамытатын психологиялық тренингтер мен кәсіптік бағдарлау ойындары.

8-9-сыныптар. Оқытудың осы кезеңіндегі кәсіптік бағдарлау жұмысының мақсаты: білім алушыларға болашақ кәсіптің нұсқаларын жобалауда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Білім алушыларды ауданның,
қаланың, облыстың кәсіби өндірістік картасымен таныстыру, кәсіптер әлемінің алуантүрлілігін ашу, оқуды жалғастыру үшін бейінді саналы түрде таңдауға ықпал ету. Кәсіби өзін-өзі анықтау мәселесінде оқушылардың бастапқы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Мектеп психологының белсенді диагностикалық жұмысы жүргізіледі, мамандықты саналы түрде таңдау сабақтары өткізіледі. Оқушылар қызметкерлерге жоғары талаптар қоятын аса маңызды мамандықтарды (ТЖМ, білім беру, медицина, IT-мамандар және т.б.) зерделейді. Білім алушыларды еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандар туралы хабардар етуді, кәсіби консультациялар өткізуді және мансапты жоспарлауда қолдауды қамтамасыз ету маңызды.
9-11-сынып білім алушыларына алдағы мамандық түрінің негіздерін түсінуге бағытталған сабақтардың тақырыптары ұсынылады. Үлгі ретінде берілетін іс-шаралардың тақырыптары: «Өзіңді таны», «Мамандық таңдау факторлары. Сауалнама», «Кәсіптік бағдар беру және кәсіби кеңес беру (мамандық бағыты бойынша)», «Кәсіпті таңдау мотивтері», «Кәсіптің психологиялық сипаттамалары», «Олар біздің мектепте оқыды», «Мектеп түлектері – мұғалімдер», «Болашағы зор кәсіптер», «Шығармашыл адамның өмірлік стратегиясы», «Келешек ғасыр бізге не дайындайды», «Не? Қайда? Қашан? Мамандықтар туралы ақпарат» және т.б.
Кәсіптік бағдар беруге дайындықтың белгілі бір элементтері мыналар болуы мүмкін: оқыту бейінін таңдау туралы шешім қабылдауды анықтау мақсатында топтық және жеке кеңес беру. Кәсіптік бағдар беру қызметін жалпымектептік, сыныптан тыс іс-шараларға бөлуге болады. Сыныптан тыс жұмыстар: экскурсиялар, көшпелі іс-шаралар, семинарлар, фокус-топтар өткізу, ашық есік күні аясында колледждер мен жоғары оқу орындарына бару. Мектептегі іс- шаралар: мектеп акцияларын өткізу, бос орындар жәрмеңкелеріне, білім беру көрмелеріне қатысу және бүкіл мектептің қызметін қамтитын басқа да іс- шаралар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет