Тірекмектеп(ресурстықорталық)қызметініңмақсаттарыменміндеттері Тірек мектеп (бұдан әрі – РО) қызметінің мақсаты – магниттік шағын жинақты мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру.
Тірек мектептердің негізгі міндеттері:
магниттік мектептердің білім алушылары үшін оқу сессияларын және сессияаралық кезеңді өткізуді ұйымдастыру;
педагогтер мен басшылардың кәсіби және жеке өзін-өзі жетілдіру үшін (Тәлімгерлер мектебі, жас мұғалімдер мектебі, көшбасшылық мектеп, зертхананың, корпоративтік оқытудың болуы) жағдай жасау;
магниттік мектептердің білім алушыларын қауіпсіз тасымалдауды, тұруды және тамақтандыруды ұйымдастыру, қазіргі заманғы білім беру технологияларын тиімді пайдалану, жоғары жылдамдықты Интернетке қосу, жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету;
магниттік мектеп оқушыларының облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жүлдегер оқушыларының үлесін көбейту;
менеджмент, ынтымақтастық, ата-аналармен байланыс, РО және магниттік мектептердің әлеуметтік серіктестігін нығайту;
РО және магниттік мектеп білім алушылары үшін қосымша білім беруді ұйымдастыру.
Тірек мектебі мен магниттік ШЖМ-ның оқу қызметі тірек мектебі (ресурстық орталық) мен магниттік мектептердің бірлескен педагогикалық кеңесінде бекітілген бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Магниттік мектептердің 5-11-сынып білім алушылары үшін инвариантты компоненттің оқу пәндерін оқыту арқылы оқу сессияларын: бастапқы – қазанның бірінші онкүндігі (10 күн), аралық – ақпанның бірінші онкүндігі (10 күн), қорытынды – сәуірдің үшінші онкүндігі (10 күн) өткізіледі.
8-11-сыныптардың білім алушылары үшін тірек мектептер базасында оқу сессияларын өткізу міндетті, 5-7-сыныптар үшін – білім беру ұйымының қалауы бойынша ұйымдастырылады.
Сессия кезеңінде тірек мектеп (ресурстық орталық) қосымша білім беруорталығыжәнетолық күндікмектепретінде жұмыс істейді. Магниттік мектептердің білім алушылары үшін тірек мектепте оқу сессияларын өткізу кезінде жергілікті атқарушы органдар білім беруді басқару органының тиісті бұйрығымен ресімделетін тасымалдауға, тамақтануға және тұруға қаражат қарастырады.
Тірек мектеп (ресурстық орталық) негізгі деңгейдегі білім алушыларды бейіналды даярлауды (8-9-сыныптар) және орта білім беру деңгейіндегі білім алушыларды бейіндік оқытуды (10-11-сыныптар) қамтамасыз етеді.
Магниттік мектептердің 8-9-сыныптарының білім алушылары үшін тірек мектепте ғылым негіздерін жүйелі зерделеу үшін жеткілікті лингвистикалық, эстетикалық, физикалық қабілеттерді, іскерліктер мен дағдыларды кешенді қалыптастыру қамтамасыз етіледі, жекелеген оқу пәндерін (алдын ала даярланады) тереңдетіп оқыту енгізіледі.
10-11-сыныптардың білім алушылары үшін тірек мектеп (ресурстық орталық) түлегінің дүниетанымдық, философиялық-этикалық және психологиялық дамуын қамтамасыз ететін жалпы білім беру және бейіндік даярлығы аяқталады. Зерттеу сипатындағы білім беру модулі енгізілуде, шығармашылық зертханалар мен шеберханаларда жұмыстар ұйымдастырылуда. Бастапқы, аралық сессияларда кіріспе тестілеу нәтижелері, оқу пәндік модульдері бойынша үлгерімнің проблемалық аймақтары анықталады, әрбір білім алушының даму траекториясы айқындалады, бағдар карталары (білім
алушылардың жеке журналдары) жасалады.
Қорытынды сессияда оқытудың жеке бағыттарының нәтижелері шығарылады, таңдау бойынша базалық пәндер мен курстардың проблемалары
анықталады. Педагогтерге кеңестер береді. Білім алушылардың аттестаттауға дайындық деңгейі бағаланады.
Бейінді пәндер, қолданбалы курстар және таңдау бойынша курстар қазіргі заманғы жабдықталған кабинеттер мен зертханаларда оқытылады және тірек мектепте (ресурстық орталықта) жұмысқа басқа білім беру ұйымдарының оқытушыларын тарта алады.
ШЖМ білім алушыларының оқу сессиялары әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен байланысты, оның ішінде халықтың ауруларының алдын алу мен емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтитын шектеу шаралары кезеңінде және қолайсыз ауа райы метеожағдайлары кезеңінде қашықтан оқытуға ауыстырылады.
Шағын жинақты мектептердің 10-11-сынып оқушылары үшін оқу сессиясы кезінде пәндер бойынша мазмұн 4 модульге бөлінген, олардың әрқайсысы мемлекеттік стандарт шеңберінен шықпайтын сағат санын қамтиды:
1 модуль – инвариант;
2 модуль – инвариант;
3 модуль – қолданбалы курстар;
4 модуль – таңдау бойынша курстар.
Әрбір модульге теориялық (Т) және практикалық (П) қызмет сағаттары кіреді.
Дамытушы модульдер білім алушылардың жеке бағдарын қамтамасыз ететін сабақтарды ұйымдастыруға бағытталған.
Сессия кезінде оқыту келесі режимде өтеді:
Күннің бірінші бөлімі – бейіналды (8, 9-сынып) және бейінді (10, 11- сынып) оқыту материалдары бойынша оқу сабақтары.
Білім алушылардың оқу қиындықтарының бағыттары анықталады, технологиялық карталар жасалады, солардың негізінде сессияаралық кезеңде жеке оқу маршруттары әзірленеді. Білім алушылардың алгоритм мен жеке бағыттар бойынша білімдегі олқылықтарды жоюда жұмыстар жүргізіледі.
Күннің екінші және үшінші жартысы әлеуметтік құзіреттілікті, әртүрлі өмірлік мәселелерді шешу қабілетін дамытатын дизайн қызметіне арналған. Білім алушылар әртүрлі пәндер бойынша өз жобаларының презентацияларын дайындайды, ұжымдық әлеуметтік жобаларды әзірлеуге қатысады.
Күннің төртінші жартысында – бос уақытта өзін-өзі дамыту: білім алушылар қойылымдар қояды, концерттік бағдарламалар, көрмелер дайындайды, спорттық жарыстарға қатысады. Спорттық, патриоттық, көркем- эстетикалық, өлкетану және зияткерлік сипаттағы дамыту сабақтары ерекше орын алады. Бұл дебаттар, пікірталастар, ойындар, конкурстар, психологиялық тренингтер.
Тірекмектеп(ресурстықорталық)базасындағыбейіналдыдайындықбарысында: Білім алушыларды өз өңірінде бар кәсібилендіру мүмкіндіктері туралы, яғни кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер, жоғары оқу орындары), оларда
даярлауды жүргізілетін мамандықтар туралы хабардар ету. Осы мақсатта кәсіптік бағдарлау жұмысы бойынша мамандарды шақыру, аталған білім беру ұйымдарына экскурсиялар ұйымдастыру қажет.
Бейіндік оқыту шеңберінде тірек мектеп (ресурстық орталық) базасында шағын жинақты мектептердің білім алушылары оқу жоспарының вариативтік бөлігін, ал 10-11-сынып оқушылары инварианттың екінші модулін меңгереді.
Білім алушыға білім алу, ойлау, талдау, салыстыру және өз таңдауын жасауға құқық беріледі. Нәтижесінде білім алушылардың белсенділігі, оқуға деген қызығушылығы артады.
Тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) қызметі қажеттілік болмаған жағдайда тоқтатылады.