Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет20/157
Дата31.08.2022
өлшемі1,59 Mb.
#148406
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   157
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

Үзілістер мектеп өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл сабақтар арасындағы қысқа үзіліс, бұл білімалушылар мен мұғалімдерге басқа пәннің алдында

демалып, күш алуға мүмкіндік береді. Үзілістер білімалушылардың әлеуметтік- эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін еркін ойын әрекетіне ықпал етуі керек.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ- 76 бұйрығымен бекітілген Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде білім алушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс (2-ші немесе 3-ші сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі.
Үзілістерді таза ауаны барынша көп пайдаланып, қозғалыс ойындарымен өткізеді.
Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.
Мектеп алды сыныптардағы сабақтардың барынша рұқсат етілген саны – ұзақтығы 25-30 минуттан төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзілістер кемінде 10 минут болуы тиіс.
1-сыныпта оқушылар демалып, келесі сабаққа дайындалуы үшін мазмұнды демалыс пен физикалық минуттар үшін үзілістерді ұзарту ұсынылады.
Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы – кітап оқу. 2022-2023 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін («Кітап оқу – сән») арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы жалғасады. Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға ата- аналарды қатыстыруды көздейді.
Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу үрдісін кеңейту бойынша ресурстар (интернет-викториналар, сервистік ұсынымдар, кітапханалар туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы тиіс. Әрбір мектепте және отбасында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылады. Мектеп холдарында үлкен үзілістерде кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрыштарын құру ұсынылады.
Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құмар балалар санын арттыратын жаңа электронды ресурстарды пайдалануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет