КеАҚ «Павлодар педагогикалық университеті»
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
МАГИСТРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯ/ЖОБА
7М01730 Шетел тілі:екі шетел тілі
ТАҚЫРЫП
Білім алушылардың коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту әдістемесі.
Магистрант____________ Сафарбаев А.Б.. « _____» _________ 2022ж
/қолы/ /Т.А.Ә./
Ғылыми жетекші________ Жетпісбай Ә. Қ. « _____» _________ 2022ж
/қолы/ /Т.А.Ә./
Қорғауға жіберілсін:
ББ басшысы ____________ Жолдабаева А.С. « _____» _________ 2022ж
/қолы/ /Т.А.Ә./
« _____» _________ 20__ж
Норма бақылаушы _________ Жетпісбай Ә. Қ. « _____» _________ 2022ж
/қолы/ /Т.А.Ә./
Павлодар, 2022 жыл
АҢДАТПА
Диссертация жалпы шетел тілдерін үйренушілер арасында ағылшын тілінде коммуникативті дағдыларды сөйлеу мәдениетін оқу арқылы дамытуға арналған. Ғылыми зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының жаңартылған білім беру жүйесі егжей-тегжейлі сипатталған, жалпы білім беру орындарындағы білім алушылардың психологиялық ерекшеліктері қарастырылған. Тәжірибелік бөлімде білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға, атап айтар болсақ сөйлеу мәдениетін жақсартуға арналған жаттығулар кешені жасалды; бұл үшін дидактикалық ойындар, ақпараттық коммуникативтік құралдар және көрнекілік құралдары қолданылды. Екінші тарауда эмпирикалық зерттеуге қатысқан білім алшуылар арасында эксперименттік сабақтар, сауалнамалар және зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ағылшын тілінде сөйлеу мәдениеті мен этикетін оқыту арқылы коммуникативті дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар жиынтығын қолдану тиімділігі анықталды.
Сонымен қатар зерттеу жұмысында сөйлеу мәдениеті, этикет және этика терминдеріне түбегейлі анықтама берілді. Бұл терминдер егжей-тегжей сипатталып, қолданылу аясы мен техникалары көрсетілді. Сонымен қатар, сөйлеу мәдениетін дамыту арқылы білім алушылардағы коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың тиімділігі көрсетіліп, педагогикалық арсеналдағы жаңа әдіс тәсілдермен бөлістік.
Достарыңызбен бөлісу: |