«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаларын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады.
«Елдіктіңжетітұғыры»қағидаттарын: «Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық» принципі бойынша пән мазмұнындағы ел тәуелсіздігі жолындағы күрестер тарихы, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы, «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заңының қабылдануының тарихи маңызы тақырыптары арқылы тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғауға;
«Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры» принципі (Қазақстан халқы Ассамблеясы, Білім беру мен ғылым, Қазақстан Республикасы Конституциясы мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі тақырыбы аясында) бойынша халқымыздың бірлігі мен этносаралық татулығын сақтауға; Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге;
«Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» принципі бойынша ел мен жерді қорғау үшін болған тарихымыздағы соғыстарды зерделеу арқылы ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғауға;
«Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі» принципі бойынша. ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетуді дәріптейтін ата дәстүрімізді берік ұстануға ;
«Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» принципі бойынша тарихты білу, мәдени құндылықтарды тану, мәдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа насихаттай білуге;
«Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» принципі бойынша табыстың кілті ретінде үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуге;
«Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі» принципі бойынша білім алушыларды барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға тәрбиелеуді «Қазақстан тарихы» пәні мазмұнында қамтылған тақырыптарды меңгертуде жүзеге асыру ұсынылады.
Бұл білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге асырылады.
«Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтықтәрбие» бағыты білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының
құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды қарастырады.
Оқытупроцесіндегі«Қазақстантарихы»пәнініңтәрбиелікәлеуетінарттыруүшін«Тарих тағылымы» мен «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобалары, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын іске асыруды жалғастыру ұсынылады.