6.3-кесте. 5-11-сыныптарда «Қазақ әдебиеті» пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
|
Үлгілік оқу жоспары бойынша
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
5-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
6-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
7-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
8-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
9-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
10-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
11-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Сынып
|
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспары бойынша
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
5-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
6-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
7-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
8-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
9-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
10-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
11-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Вариативтік компонент есебінен таңдалған 8-9-сыныптар мен 10-11- сыныптарда (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) оқытылатын «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады (ҚР БҒМ 12.05.2022 жылғы №193 бұйрығы 17, 18-тармақтар).
Тоқсандық баға формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ қорытындысының негізінде 50/50 пайыздық арақатынаста қойылады (28-тармақ).
Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау өлшемшарттарына өзгерістер енгізеді (15-тармақ).
Төменде ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының
қосымшасына сәйкес балдарды бағаға ауыстыру шәкілі берілген (6.4-кесте).
6.4-кесте. Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі
2-11 (12) сыныптардағы балдардың пайыздық мазмұны (%)
|
Баға
|
0- 39
|
қанағаттанарлықсыз - "2"
|
40 - 64
|
қанағаттанарлық - "3"
|
65 - 84
|
жақсы - "4"
|
85 - 100
|
өте жақсы - "5"
|
9-сынып білім алушыларына арналған қорытынды аттестаттау туралы
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 39-4)-тармағына сәйкес 9-сынып білім алушылары таңдау пәні ретінде «Қазақ әдебиеті» пәнінен жазбаша емтихан тапсырады.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды. Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС-тан күтілетін нәтижелермен анықталады.
Емтихан жұмысы барлығы 30 балмен бағаланатын екі бөлімнен тұрады: А бөлімі бірнеше таңдауы бар, ал В бөлімі толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтиды.
А бөлімінде білім алушылар 4 бір және бірнеше таңдауы бар, сондай-ақ сәйкестендіру тапсырмаларын орындайды. Әр дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.
В бөлімінде білім алушылар толық жауапты қажет ететін 4 тапсырма орындайды. 5, 6, 7-тапсырмаларды орындау үшін білім алушыға көлемі 200-250 сөзден тұратын көркем шығарма үзіндісі беріледі. Тапсырмалар 3-9 балмен бағаланады.
9 (10) сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30%-70% пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу жақын бүтіндікке қарай жүргізіледі.
Келесі кестеде ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 4-қосымшасына сәйкес 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының емтихан балдарын емтихан бағаларына ауыстыру шәкілі көрсетілген (6.5-кесте).
6.5-кесте - 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының емтихан балдарын емтихан бағаларына ауыстыру шәкілі
Баға
|
Максимальды балл 30 болған пәндер үшін балдар
|
Максимальды балл 40 болған пәндер үшін балдар
|
Максимальды балл
50 болған пәндер үшін балдар
|
Максимальды балл
60 болған пәндер үшін балдар
|
"2"
|
0-11
|
0-15
|
0-19
|
0-23
|
"3"
|
12-19
|
16-25
|
20-32
|
24-38
|
"4"
|
20-25
|
26-33
|
33-42
|
39-50
|
"5"
|
26-30
|
34-40
|
43-50
|
51-60
|
11-сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтиханын өткізу туралы
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 41-тармағына сәйкес таңдау пәні ретінде «Қазақ әдебиеті» пәнінен тест тапсырады.
Мектеп бітірушілер қорытынды аттестаттау үшін таңдау пәндері тізбесінен әдебиетті таңдаған жағдайда баға тек осы пән бойынша қойылады.
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстың төмендегідей тақырыптары ұсынылады:
«Абайтану» курсы. Негіздемесі: ұлы Абай шығармашылығын толық игерту арқылы поэзия құдіретін таныту, әлем әдебиетімен салыстыра отырып, қазіргі өмірмен байланыстыруға үйретеді.
«Ыбырайтану» курсы. Негіздемесі: Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыту арқылы ұлттық құндылықтарға баулуға, адамгершілік-рухани тәрбие беруге жетелейді.
«Шешендік сөз өнері». Негіздемесі: шешендік сөздің табиғатын танытып, айтылған ойды саралай білуге үйретеді, ұлттық құндылығымыз – шешендік сөздердің мағынасын түйсінуге, шешен сөйлеуге, орфоэпиялық норманы сақтап сөйлеуге баулиды.
Достарыңызбен бөлісу: |