13. «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 5-6 СЫНЫПТАР
Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
«Жаратылыстану» оқу пәнінің мазмұны «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес іске асырылады.
Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәні бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары (бастауыш,
негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидаларының 24-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түріне және нысанына қарамастан оқу процесі жүзеге асырылатын үлгілік оқу жоспарларын, оның ішінде қысқартылған оқу жүктемесі бар жоспарларын дербес таңдайды. (өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен енгізілді).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес «Жаратылыстану» міндетті пән болып табылады. (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы
№25 бұйрығымен енгізілді)
Үлгілік оқу жоспарлары бойынша «Жаратылыстану» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;
6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарларына сәйкес үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқу жүктемесі 5-6-сыныптарда аптасына 1 сағатқа төмендетілді.
Үлгілік оқу жоспарлары (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша
«Жаратылыстану» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;
6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
2022-2023 оқу жылында «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда 5-6-сыныптар бойынша келесі оқу бағдарламалары қолданылады:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы
«25» қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған «Жаратылыстану» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы
«27»қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған «Жаратылыстану» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы.
Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 5- 6-сыныптарда «Жаратылыстану» пәнінен қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, оқыту мақсаттары жүйеленді.
Барлық оқу бағдарламаларында да, Ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей сол тоқсанда игерілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |