Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі
Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақмерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз.
Негізгі басымдықтар:
Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету.
Аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету.
Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою.
«Смарт-медицина», қашықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу. Медицина қызметтерінің бұл жаңа түрлері біздікі сияқты аумағы үлкен, кең байтақ елде ерекше сұранысқа ие.
Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет. Барлық 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызметтің барлық спектрімен қамту қажет деп ойлаймын. Оны ең төменгі өмір стандарттарына заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды үлес болады.
Достарыңызбен бөлісу: |