Қазақстан республикасының президенті – елбасы н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы


Алтыншы. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс



Pdf көрінісі
бет97/124
Дата18.04.2022
өлшемі0,64 Mb.
#139878
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   124
Байланысты:
azastan 2050 strategiyasy

Алтыншы. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс

Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және 
ұлттық 
қауіпсіздікке төнген тікелей қатер
болып саналады.
Біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру 
арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек.
Жетінші. Біз құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыруға 
тиіспіз.
Онсыз біз тәртіпсіздікке мүлдем төзбеуді қалыптастыру және жемқорлықты түбірімен жою жөніндегі 
міндеттерді шеше алмаймыз. 
(1)
Соңғы үш жылда құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің бірқатар маңызды реформалары 
жүргізілді. Бұл – мемлекеттікті нығайтудың маңызды қадамы. Олардың жұмысының құқықтық базасы 
жақсартылды. Функциялары нақты айқындалды. Қызметтің қайталануы жойылды. Қылмысқа қатысты саясат 
ізгілендірілді. 
Барлық құқықтық құрылымдардың қызметкерлері түгелдей аттестаттаудан өткізілді. 100 мыңнан астам 
адамнан 12,5 мың адам аттестаттаудан өтпей қалды және органдардан босатылды. 
(2)
Біз бұл жұмысты одан әрі жалғастыра береміз. 
Менің Әкімшілігім мен Қауіпсіздік Кеңесіне және Үкіметке бірлесіп атқаратын мынадай тапсырма беремін: 



Құқық қорғау органдары қызметкерлерін ақшалай қамтамасыз ету және зейнетақымен 
қамсыздандыру деңгейін арттыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын дайындау керек. 
Осы 2013 жылдан бастап арнайы атақтар үшін төленетін қосымша ақы мөлшерін әскери атақтар бойынша 
төленетін жалақы деңгейіне дейін көтеруді тапсырамын. 

Құқық қорғау органдарының Кадр саясаты тұжырымдамасын әзірлеу керек. 

Жоғары аттестаттау комиссиясы базасында құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты 
жөніндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет