Қазақстан республикасының президенті – елбасы н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы


Кәсіподақтар және еңбектің реттелуі туралы Заң



Pdf көрінісі
бет75/124
Дата18.04.2022
өлшемі0,64 Mb.
#139878
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   124
Байланысты:
azastan 2050 strategiyasy

Кәсіподақтар және еңбектің реттелуі туралы Заң
әзірлене бастады. Біздің 
мақсатымыз – еңбеккерлер мүддесін ескерген кәсіпкерлік қолдауын қамтитын еңбек қатынастарының 
түбірімен жаңа үлгісін жасау. 
Күшіне еніп, барлық еңбеккерлердің мүддесін қорғауы үшін бұл заңның қабылдануын жеделдету қажет. 
(3)
Үкіметке еңбек төлеміне және ондағы сәйкессіздіктерді қысқартуға қатысты мүлде жаңа амалдар табу 
шараларын қабылдау қажет.
*** 
Жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде 
ана мен баланы 
қорғауды
жариялаймын. 
Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу
Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау – ерекше мәселе. 
Қымбатты ханымдар!
Сіздер – отбасының, демек, мемлекеттің тірегісіздер.
Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей 
байланысты. 


Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар – болашақ жар, болашақ ана, 
шаңырақтың шырақшылары. 
Қазақстан – зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып,
мемлекет, дегенмен қоғамға өз бетімен біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін 
әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады.
Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық 
жағдайды жасауымыз қажет.
Олар банк карточкаларына ие болуға, көлік жүргізіп, қызмет жолын қалыптастыра алуға, заманға сай болуға, 
сәнденуге тиіс және біздерде ешқашан киілмеген, салтымызға жат киімдерге оранып-қымтанбауға тиіс. Біздің 
халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар. 
Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады. Бойжеткеннің жолы, қыздың жолы – 
қылдай, оны үзуге болмайды. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның теңқұқылы мүшесі, ал ана – 
оның ең ардақты тұлғасы болды. 
Біз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет