1 263,1 млрд. теңге жұмсалды. Осы жылдар ішінде
ортақ пайдаланудағы
48 мың шақырымнан астам жол, сондай-ақ 1100 шақырым темір жол салынды және
реконструкцияланды.
Қазіргі уақытта біз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистральдық көлік дәлізін салып, Жаңа Жібек жолын
жаңғыртудамыз.
Біз «Өзен – Түркіменстан шекарасы» темір жол желісін салып, Парсы шығанағы мен Үлкен Шығыс елдеріне
жол аштық. «Қорғас-Жетіген» жолын төсеп, Қытайдың және күллі Азия құрлығының нарықтарына еніп, Шығыс
қақпасын айқара аштық. Біз «Жезқазған-Бейнеу» теміржолын салуды бастадық.
(7) КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ. Біз әкімшілік-әміршілдік жүйенің басқару дәстүрлерінен түбегейлі бас тартып,
басқарушылардың заманауи әрі тиімді корпусын құруға тиіспіз. Барлық азаматтар тең құқықтар мен
мүмкіндіктерге ие болатын, кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың біз жасаған жүйесі мемлекеттік аппарат
қызметінің кәсібилігі мен ашықтығының барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Біз