Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы бойыншаіс-шаралар жоспары



Дата17.06.2018
өлшемі34,46 Kb.
#42421
"Бекітемін" мектеп басшысы: Р.Таханова

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы бойыншаіс-шаралар жоспары.




Жүргізілетін іс-шаралар

мерзімі

жауапты

1

Мектепте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарының Қазақстан халқына жолдаған жолдауының стендің ұйымдастыру

11.01.2018

Анисова С.О




Мектеп ұжымында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарының Қазақстан халқына жолдаған жолдауын оқу

13.01.2018

Омирбек М.




Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарының Қазақстан халқына жолдаған жолдауын ата-аналар жиналысында қарастыру

наурыз

мектеп басшысы




Кітап көрмесін ұйымдастыру

ақпан

Кітапханашы




Сынып сағаттары: "Ұлы елдің жетістіктері","Мен тәуелсіз Қазақстанның азаматымын" "Менің отаным Қазақстан", "Жолдау білімнің жаңа көкжиегіне жетелейді."

жоспарға сай

Сынып жетекшілер




8-9 сыныптарда "Ұлт денсаулығы- болашақ Қазақстанның негізі"дөңгелек үстел

мамыр

Анисова С.О

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жолдау-білімнің жаңа көкжиегіне жетелейді.»

Тәрбие сағатының мақсаты:Елбасымыз Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халқына жолдаған  жолдауын насихаттау. Сол арқылы оқушыларды үздіксіз білім алуға шақырып,  болашаққа сеніммен қарауға   тәрбиелеу 


         
Тәрбие сағатының көрнекілігі:Интерактивті тақта
Барысы:1.Ұйымдастырушылық кезең
Мұғалім:2018 ж 10қаңтар күні сағат 11 00 –де республикалық телеарналарда Қ.Р президенті Н.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы тікелей эфирде көрсетілді. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында президент өз сөзін  «Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық» деп бастап еліміздің жетіп отқан жетістіктерін атап өтті. «Әлеуметтік жаңғырту-жаңа әлеуметтік саясат» бөлімінде білім беру,денсаулық сақтау,тілдерді дамыту,жұмыспен қамту салаларына тоқталып үкіметке осы салаларды жетілдіруге тапсырмалар берді.
А)Қызығушылығын ояту
«Сен білесің бе...?»
1.Н.Назарбаев өз халқына ең алғаш жолдауды қай жылы жолдады?(1997 жылы)
2.Саммит қай жылы өтті және оған неше елдің басшылары қатысты?(2011 ж.56 елдің)
3.Тәуелсіздікке неше жыл толып отыр?(26 жыл толды)
4.Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан нешінші орында?(50-ші орында)
6.Н.Назарбаев қай жылғы жолдауында «Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын» жасады?(2010 ж.қаңтарында)
7.Қазақстан алғаш рет қандай заң қабылдады?( «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы»заң)
8.Осы заңның аясында үкімет немен күрес жүргізіп жатыр?(Сыбайлас жемқорлықпен)
9. «Қазақстан бизнес мүддесі үшін реформа жүргізуде көшбасшы»- деп қай жылы айтылды?(2010 ж)
10.Елбасымыздың жолдауының басты мақсаты не?(халықтың әл-ауқатын нығайту)
Ә)Ой-толғаныс
Тәрбие сағатын қорытындылау.    
Мемлекетіміздің басшысы Н.Назарбаевтың халқы үшін  жсап жатқан ерен еңбегі шекіз 
 Елінің болашағының жарқын болатындығы айқын.Оның дәлелі жыл сайынғы президенттің еліне жолдауы.Міне елдің болашақ экономикасын дамытатан азамат сендерсіңдер.Сондықтан үздіксіз білім алып,жан-жақты дамыған маман иесі атанып елдің қалаулысы болыңдар

"Ұлт денсаулығы- болашақ Қазақстанның негізі"дөңгелек үстел

Елбасы бір сөзінде: «Ел дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек», – деген еді. Ұлт денсаулығы – табысты болашақтың негізі, бақытты өмірдің кепілі. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі еліміздің барлық аумағында сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Иә, аталмыш салада аймағымызда да аз жұмыстар атқарылып жатқан жоқ. Соңғы жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау саласы қарқынды дамуды бастан кешіріп, алдыңғы қатарлы медициналық қызмет көрсететін орталықтар шоғырланған елге айналды. Десе де, еліміздің медицинасына шынайы баға беру үшін аймақ, аудан және ауыл медицинасының жай-күйіне көңіл бөлген жөн. Осы бағытта облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен қаладағы №6 және №3 емханаларға барып, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтқан едік.

Бұрындары емханаға бара қалсаң, ұзын сонар кезек күткен халықтың қарасынан көз сүрнігетін. Дертіне дауа іздегендердің емханаға тіркелуі өз алдына, дәрігерге қаралу, ем алумен-ақ бар уақыты кететін. Кезек күтіп, табанын тоздырғанша, таңдап барып ақылы емханада емделгенді жөн санайтын. Бүгінде салада тыңнан түрен салынбаса да, өз кезегінде біршама ілгерілеу байқалады. Емделу, ем алу кезек күттірмейді. Тіпті, дәрігердің қабылдауына электронды түрде жазыла аласыз. Бос уақытыңызға туралап, өзіңіз тіркелген емханадан дертіңізге шипа болар ем ала аласыз.

Бүгінде қала орталығындағы барлық емханаларда медициналық скринингтік тексеру жолға қойылған. Скринингтік тексеру дегеніңіз, халықтың дені сау бөлігінің нысаналы топтарын алдын ала профилактикалық тексеруден өткізу болып табылады. Аймақтық аяжандар жыл соңында алдағы жылға жоспар жасайды. Қандай тұрғындардың жасы, жынысы сәйкес келетінін анықтап, арнайы шақырту парақтарын науқастардың үйіне таратады. Тізімде көрсетілген тұрғындар емханаға барып толық тексеруден өтуі тиіс. Үстіміздегі жылы №6 орталық емханада 22149 науқас кезекті медициналық тексеруден өтті. Ал, №3 қалалық емханада алдын ала медициналық скрининг тексеруіне 17389 адам жоспарланса, 9 айда оның 16145-і қаралды. Емханаларда скрининг бойынша тоғыз назологиямен жұмыс істейді. Оның қатарында жүрек қан-тамыр аурулары, қант диабеті, глаукома, сүт безінің ісігі, тоқ, тік ішек ісігі, өңеш, асқазан ісігі, бауыр ісігі, қуық асты безі ауруларына науқастарды тексереді. Скринингтік тексеру жас мөлшеріне қарай жүргізіліп отырады. Жүрек қан-тамырлары аурулары мен қант диабетіне 40 жастан бастап 64 жасқа дейінгі науқастарды тексереді. Ал глаукомаға 40 жастан 70 жасқа дейінгі тұрғындар қаралады. Асқазан және өңеш қатерлі ісігіне 50 жастан бастап 60 жасқа дейін келіп тексеріліп отыру керек. Тік, тоқ ішек қатерлі ісігіне 50-70 жас мөлшеріндегі науқастар тексеріледі. Бұл аталған топ өкілдері әр екі жыл сайын тексеруден өтіп отыруы керек. Сүт безі қатерлі ісігі бойынша әйел адамдар 50 жастан 60 жасқа дейін әр 5 жыл сайын қаралады. Ал, қуық асты қатерлі ісігіне ер адамдар 50 жастан 66 жасқа дейін әр төрт жыл сайын тексерілсе, құба-құп. Сондай-ақ, №6 орталық емханада сенбі күні тек скринингтік тексеру жүргізіледі. Дәрігерлер жұмыс уақытынан тыс тұрғындарға қызмет көрсетсек, қауіпті аурулардың қарқын алуына тосқауыл боламыз дейді.

Сонымен қатар, 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында халықты еркін тіркеу науқаны жүргізіліп жатыр. Бұл аралықта тұрғындар қалаған емханаға тіркеле алады. Сондай-ақ, Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен www.egov.kz, densulyk.com веб порталдары арқылы үйіңде отырып-ақ электронды тіркелуге болады. Дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру сияқты қызметтерді де осы веб порталдар арқылы жүзеге асыруға болады.

Халыққа қажет әрі қамқор сала – медицина. Соңғы жылдары отандық медицина алдына әлемдік үрдістерге сай үлкен міндеттер қойылып, талап күшейтілгені белгілі. Сондай-ақ айтулы саладағы кейбір кемшіліктер мен олқылықтардың алдын алуға да қыруар қаржы жұмсалып жатыр. Әлбетте, соның бірқатары жоғары білікті медицина мамандарын даярлау мен жаңа құрылғылармен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Осы орайдағы көптеген көкейтесті мәселелер мен проблемалар, оларды шешу жолына бағытталған іс-шаралар халық қамы үшін екеніне шек келтірмейміз.

Сабақтың тақырыбы: Ұлы елдің жетістіктері



Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің қазақ тарихындағы алатын орнын,құндылығын оқушылардың сана-сезіміне сіңірту. 

Сабақтың тәрбиелігі: Жас ұрпақтың бойында жоғарғы патриоттық сананы қалыптастыру,өз елі үшін мақтаныш сезімі,Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға тәрбиелеу. 

Ел ретінде Қазақстан жас мемлекет болғанымен ,оның тарихи Еуразияның ұлы көшпелі өркениетінің үш мыңжылдық тарихынан ажырағысыз.Батысьан Шығысқа қарай,шығыстан батысқа қарай Қазақ даласы арқылы Үндістан мен Иранға,Мидия мен Қырымға,Еділ мен Кавказға ,Еуропа мен Қытайға арийліктер,сақтар,ғұндар,түркілер,қыпшақтар,моңғолдар ағылды.Олардың бәрі де осынау жердің бетінде өздерінің ізін қалдырды. 


Айдана: 
Уақыт өте келе Еділ мен Ертістің арасындағы далалық алқапта көшпелі империялардың ұрпақтары қазақ деген біртұтас халыққа бірікті.Қзақ хандығы құрылып,Керей мен Жәнібек ,Қасым мен Хақназар,есім мен Тәуке,т.б. хандар Дешті Қыпшақтың қуатты әміршілері болды. Алайда тағдырдың талабымен қазақ елі дербестігінен айырылып,қазақ жерінің Ресей империясының құрамына енді.Тәуелсіздікті қайтадан қалпына келтіремін деген «Алаш» зиялыларының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады,1930-жылдардан бастап,тоталитарлық жүйе халықтың тілі мен өмір салтына ,тарихы мен мәдениетіне орасан зор зиянын тигізді. Бірақ 16млн.халқы бар көпұлтты Қазақстан мемлекеті 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін қайта жариялады.Дәл осы күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы » Заң қабылдады.Заңның бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.Ол өзінің жеріне,ұлттық табысына жоғары иелік ету құқығы бар,тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді,басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды»,-деп көрсетілді. 
Айша: 
«Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды,олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады.Республика азаматтары өздерінің ұлтына,ұстайтын дініне,қандай қоғамдық бірлестікке жататынына ,тегіне,әлеуметтік және мүліктік жағдайына,шұғылданатын қызметіне,тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар иеленіп,бірдей міндеткерлікте болады » ,-делінген.Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы екендігі, Республика азаматтарының әскери міндетін өтеу,оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп 1991 жылы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды. Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы дайындылды. Облыстардың, қалалардың жане аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді. Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің 
ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия,сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шет елдік елшілік пен миссия , халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ, мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды. 

Лейла: 
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында келелі міндеттер тұрды . 


Олар елдің ішкі жағдайында егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық эканомикаға көшу , көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану . Ал, сыртқы саясаттағы басты міндеттер – Қазақстаның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып,алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау,әлемде бейбітшілікті сақтай отырып , ядролық соғысты болғызбау . Республика халқының ерік-жігері осындай аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды . Міне, осылайша іргемізді бекітіп , эканомикалық дамуымызды айқындап , заң шығарушы және атқарушы биліктің жұмысын қалыпқа түсіргеннен кейін , біз рухани құндылықтарымызды түгендеуге мүмкіндік алдық. 
Ең әуелі, туған тілімізді түлеттік. Егер 1990-1991 жылдары республикамызда қазақ тілінде оқытатын 2768 мектеп болса ,2005 жылы олардың саны 3700 ге дейін жетті . Соның нәтижесінде республика мектептерінде қазақша оқитын балалардың үлесі 60 пайызға дейін көтерілді . Қазақ тілінде білім беретін жоғары оқу орындарының саны арта түсуде . 
Қазір Қазақстанның 14 облысының біреуінде іс-қағаздарын жүргізу қазақ тіліне көшірілді. 

Айдын: 
Ең бастысы, елімізде қазақ халқының үлес салмағы артты. Егер 1989 жылы республикадағы қазақтардың үлесі 40 пайызға жетер-жетпес болса , қазір бұл көрсеткіш 58 пайызға жетті. Қандастарымыздың мемлекеттік қызметтегі үлес салмағы 80 пайызға көтерілді . Әрине , бұл салада қолға алатын істер әлі де баршылық , бірақ қол жеткізген нәтижелеріміз де ауыз толтырып айтарлықтай. Дінімізді дамытуға бар мүмкіндікті жасадық. Тек тәуелсіздік алған жылдары республика бойынша 2000 нан астам мешіт салынып, көптеген медреселер ашылды. Орталық Азиядағы жалғыз «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениті университетін ашып, жоғары білімді діни мамандар даярлау ісін жолға қойдық. Дін-ұстараның жүзіндей өткір ұғым, ал Қазақстан көп ұлтты ғана емес ,көп дінді мемлекет. Сондықтан ел іші тыныш болуы үшін дінаралық татулық саясатын берік ұстанып, жер жаһандағы алуан түрлі дін өкілдерінің басын қосқан әлемдік діндер басшыларының алғашқы сьезі өткізілді. Қазақстанның халықаралық дәрежедегі беделі артты. 



Мухаммед - али: Ұлтттық мәдениетімізді қайта түлетіп, «Мәдени мұра » мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Бұл бағдарлама бойынша қазақ жеріндегі барша тарихи, мәдени ескерткіштер қалпына келтіріліп, халқымыздың аса бай ауыз әдебиеті, мәдени және музыкалық мұрасы жүздеген том болып жарық көруде. 
Біз тәуелсіздікті жариялаумен қоса, оны қорғау қажет екенін ұмытпадық. Мемлекет қауіпсіздігін жүйелеп құрып, өз әскеріміз жасақталды. Оны нығайтып, қазақтан қолбасшылар, офицерлер дайындау алғаш рет қолға алынды. Осының бәрі тәуелсіздіктің арқасы. 
Дина: 
Қазақстан Республикасының 2010жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, Астана Саммитінің өтуі мемлекетіміздің халықаралық деңгейдегі мәртебесінің жоғары көтерілуі болып табылады. Мемлекеттің мемлекеттілігі оның өз тағдырына қатысты ең маңызды мәселелерді өз бетінше шеше алуынан танылуға тиіс. Еуразия жүрегіне, қазақ жерінің кіндгіне Ақордасын тіккен Астана-Қазақ елінің өз қалауымен жасаған дербес таңдауы. Бұл қазақтың осы бір құйқалы өңіріндегі ұлттық дәстүрді, тілді, өнерді,әдетті, әдепті шайылудан, жойылудан сақтап қалу үшін жасалды. 
Ел астанасы Арқа төсіне ауысқалы бері мемлекетіміздің өмірінде жаңа белес-жасампаздық белесі басталды. Астана құрылысы бүкіл еліміз астанаға қарай бой түзеуде . Барлық облыс орталықтарындағы құрылыс қарқыны көңіл қуантып, көз сүйсінтеді. Астананың күн өткен сайын артып барады дей аламыз. Қазақ мемлекетінің астанасын елдің ортасына алып бару, елордаға қай өңірден де бірдей жететіндей ету идеясы тәуелсіздіктен кейінгі ұлы мақсат-мұраттардың біріне айналды. Ендігі жерде жер бетіндегі барша қазақтың назарында тұратын, қазақтың асқақ рухы сән-салтанат құратын бас қаламыз Астана! 
Мұғалім: 
Қазақстан бүгінде тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуіне өзімізбен бірге түскен елдердің маңдай алдында . Ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы көлемі жөнінен Тәуелсіз мемлекеттер Достастығындағы талай елдер бізбен салыстаруға да келмейді. Соңғы төрт жылда жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 50 пайызға жуық артқаны-біздегі жасампаздық жұмыстың жарқын жемісі. Стратегиядан бастау алған құжаттардың бірі – Қазақстан Президентінің халқына жолдауы. Ол Жолдау Қазақстанның мол мүмкіндігі мен жарқын болашағын елімізде ғана емес, халықаралық ауқымда да кеңінен танытты. Әлемнің ең ірі елдері: АҚШ Германия , Франция ,Ұлыбритания, Италия, Испания, Жапония, Корея т.б мемлекеттер басшыларының жазған хаттарында бұл Жолдау бойынша халыққа жасалар жақсылықтың бәрі рет-ретімен орындалу үстінде. Бұл заман –тек күштіні, бірлікті мойындаған заман. Бұл заманда әлем тек экономикалық жағынан мықты, ішкі тұтастығы берік, ауыз-бірлігі күшті мемлекеттермен ғана санасады. Қазақстан қазір әлем санасатын, әлем сыйлайтын елге айналды. 
Айдана: 
Абылайдай жарқ етейін атыма сай, 
Бұл төрде сөз сөйлеуге хақым барда-ай. 
Әзімхан ашылып бір сөйлесейші 
Түнеріп жауатын бір бұлтқа ұқсамай. 
Ағайын,Тәуелсіздік жәй келген жоқ, 
Желтоқсан ызғарына мұз қатқан еді. 
Құрбан боп бостандықтың жолында өткен 
Аташы желтоқсанның боздақтарын. 
Желтоқсанда ақиқатты іздедік, 
Қорлығына бодандықтың төзбедік. 
Басшы таппай қазағымның бірінен, 
Қане,айтшы,біз олардан кем бе едік? 
Желтоқсанның мұзда жанды алауы, 
Қолдарында ұстаған бір жалауы. 
Ербол, Қайрат, Ләззат пенен Сәбира 
Тәуелсіздік болған еді қалауы. 
Желтоқсан жас арудың жанарында, 
Желтоқсан қанды ғасыр табанында. 
Желтоқсан жаңа ғұмыр бастағанда, 
Бүгінгі жас буынның санасында. 
Отаным Қазақстан-алтын бесік, 
Мінекей ұлы жолға түсті келіп. 
Ағайын, бар тілерім бір Алладан: 
Тұғыры мықты болсын Тәулсіздік. 
Айша: 
Тұрағым Қазақстан-елді-мекен, 
Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен. 
Танытқан бар әлемге қазақ атын
Туымды асқақтата желбіретем. 
Түзлер елдің нұрлы болашағы, 
Тек қана тәуелсіздік жол ашады. 
Сырым батыр, Исатай Махамбеттер, 
Күресіп өтті жаумен Кенесары. 

Айдын: 
Мен қазақпын, ұланымын елімнің, 


Мен қазақпын, тірегімін жерімнің. 
Ұланымын туын көкке көтерген, 
Қиындығын қазағымның әр қашан 
Қайыспайтын қара нардай көтерер. 
Көз тойғысыз қазағымның жері бар, 
Ну орманы, тауы,өзені,көлі бар. 
Қазағымның жерін, елін қорғайтын 
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар. 
Міне осындай егеменді еліміз, 
Кең жазира, ұлан- байтақ жеріміз. 
Туған елін, туған жерін сүйетін 
Біз қаазақтың ұланымыз,еріміз. 
Айгерім:Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген, 
Жөргегімде таныстым мұң тілімен. 
Жылағанда жүрегім күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 
Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін, 
Қайта тудым,өмірге қайта келдім. 
Мен мың ғасыр тірілдім мәңгі өлмеске, 
Айта бергім келеді,айта бергім. 
Лейла: 
Тәуелсіздік-менің байтақ Отаным, 
Бір өзіңсің Мұхтар,Абай,Шоқаным, 
Тәуелсіздік-сәбилердің шаттығы, 
Тәуелсіздік-ақ батасы атаның. 
Тәуелсіздік,Тәуелсіздік-жыр-әнім, 
Көк байрағым,Елтаңба,Әнұраным. 
Атыңнан айналайын Тәуелсіздік, 
Қолда елімді қасиетті Құраным. 
Мейіржан:Менің елім-Қазақстан,жүрегім, 
Тек өзіңсің,Отан ана тірегім. 
Аман болсын елім ,жерім,ұрпақтар, 
Тәңірден осы менің тілерім. 
Менің елім-Қазақстан,Отаным, 
Жырлар жазып,өзіңді әнге қосамын. 
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел, 
Арта берсің абыройың,атағың. 
Жаса елім,жаса достық.бірлікпен 
Көштн қалма,қалма және тірліктен. 
Елім менің-Қазақстан,Отаным 
Алға өрле үшінші мың жылдықпен. 
Дина:

Өткен-ау,заман не түрлі, 


Қара нар өтпес қайғы төс асу секілді. 
Тарланбас тарих тар жолдан шығып көсілді, 
Түзейсің енді, түзейсің қазақ бетіңді. 
Аймаңдай тарих 
Аясы күн мен ай, жылдың, 
Боздаумен жүріп, боздақтан талай айырылдым. 
Сүрінбей өткен сүліктей қара айғырдың, 
Жалында кеткен жалындарды ойлап қайғырдым. 
Өткен-ау, өмір! 
Өткен-ау, заман не түрлі, 
Жығылған атан, жықпылды сайлар секілді. 
Көркейіп күліп, көтеріп бүгін төсімді, 
Түзейсің енді, түзейсің қазақ, бтіңді. 
Алдыңда жылдар... 
Алдыңда құздар бар шығар, 
Алланың құлы, алдыңнан жол ашылар. 
Мухаммед - али:
Республикам менің! 
Тұлпардың беріп тынысын, 
Кемел болсын ұлы ісің! 
Орнасын ұлы даламда 
Ынтымақ пен ырысың! 
Егемендігім елдігім, 
Баянды болсын теңдігің! 
Дәуірдің күрестерінде 
Үзілмесін белдігің ! 
Дарытпай бойға кеселді, 
Шайқалтпай күміс кесеңді, 
Әділдік жолмен алып қал 
Тарихта кеткен есеңді. 
Тамырын жайған тереңге 
Төзімнің ұқсап еменге, 
Тамсанып тұрсын өзге жұрт 
Қазақтың елі дегенде! 

Қорытынды: 



Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз 
туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз- Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын , абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын , білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар,яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет.ХХІ-ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай,қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық,әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін,елдігі мен еңбегін баянды еткей!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет