Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизм


Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде



бет6/16
Дата30.01.2022
өлшемі37,48 Kb.
#116297
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
қазақ пат мі Назарбаев құжат — копия

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.
Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі.
Тәуелсіздігін алған тұста еліміздегі қазақтың саны ^ 6,8 миллион немесе 41% болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65 %-дан асты.
Қазақтың саны 4 миллионға артты.
Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді.
Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады.
Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс.
Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.
Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады.
Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз.
Сондықтан оған бей-жай қарамайық.
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ^ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет