Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың



бет3/5
Дата28.01.2018
өлшемі0,54 Mb.
#34805
1   2   3   4   5

Мемлекеттік қызмет

Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының басты қағидаларының бірі адами капиталды дамыту болып табылады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және президенттік кадр резервін қалыптастыру бойынша БАҚ-та кең форматты ақпараттық жұмыс жүргізді.

Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткізілетін семинарлар туралы ақпарат, оның ішінде семинарладың тақырыптары, жоспарлары, оларды өткізу кестесі, контингенті туралы мәліметтер ресми веб-ресурсына орналастырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 2012-2013 жылдарға арналған оқу жоспарына өзгерістер енгізілді. Жаңа оқу бағдарламалары мемлекеттік қызметтің қажеттіліктерін білім және тәжірибе трансфертін және басқаларды айқындауға бағдарланған.

    1. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту

Сот жүйесін жаңғырту мақсатында судьяларды іріктеу тетігін одан әрі жетілдіру, судьялар корпусының жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік және аралық соттардың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Үкіметтің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 794 қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Заң жобасында аралық сот пен төрелік соттың құзыретін, оларға қолданыстағы заңнамада көзделгендей азаматтық-құқықтық шарттардан емес, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы, кеңейту ұсынылады.

Өткен жылы құқық қорғау органдарының бүкіл жеке құрамын кезектен тыс аттестаттау өткізілді. 100 мыңнан астам адамның ішінде 12,5 мың қызметкер аттестаттаудан өтпей, органдардан шығарылды.

Еуразпол құру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Еуразполды дербес халықаралық ұйым ретінде құру туралы ұсыныс дипломатиялық арналар арқылы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының президенттеріне жіберілді, сондай-ақ аталған мемлекеттердің ішкі істер министрліктері деңгейінде алдын ала пысықталды.

Жаңа полиция құрылымын құру мәселелері 2012 жылдың қыркүйегінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесінің Баку қаласында өткен отырысының шеңберінде Қазақстан, Беларусь және Ресей ішкі істер министрлері талқылады.

2012 жылғы қарашада Астана қаласында КО және БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрліктері сарапшыларының кеңесі өтті.

Кездесу барысында қазақстандық сарапшылар алдын ала қаржылық есептермен және тараптардың болжамды шығыстарымен Еуразпол құрылымының жобасын ұсынды.

Талқылау қорытындысы бойынша сарапшылар Бірыңғай экономикалық кеңістікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету КО және БЭК─ке қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарының тарапынан Еуразпол құру туралы мәселе түпкілікті шешілгенге дейін трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жасасуда бірлескен күш─жігерді үйлестіруге және ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған қосымша шаралар қабылдауды қажет етеді деген ұйғарымға келді.

Осыған байланысты кеңеске қатысушылар БЭК аумағында қылмысқа қарсы күрестің бірлескен практикалық шараларын ұйымдастыру және іске асыру, сондай-ақ Еуразпол құрудың құқықтық негіздері мен мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі пысықтау үшін Беларусь, Қазақстан және Ресей ІІМ-нің өкілдерінен тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Жұмыс тобы БЭК аумағында қылмысқа қарсы күрес бойынша үш мемлекеттің құқық қорғау құрылымдарының бірлескен жұмысының практикасын ұдайы жинақтап, жаңа жағдайларда тараптардың қауіпсіздігіне ықтимал қатерлер мен тәуекелдерді зерделейтін болады.

Сонымен қатар, жұмыс тобы КО және БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтік құқықтық және халықаралық-шарттық базасына талдау жүргізеді, сондай-ақ БЭК аумағында Еуразпол құру бойынша келісілген тәсілдерді дайындайтын болады.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін кеңейту және ақшалай үлесін арттыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаға жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді, жұртшылықты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуға кеңінен тартуды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің шығыстарын декларациялауға көшуді көздей отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

    1. Қазақстанда адами капиталдың сапалық өсуі

Бұл басымдықты іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен тұтас алғанда 2013 ─ 2015 жылдарға 3 027,7 млрд. теңге (2013 жылы – 994,1 млрд. теңге ), оның ішінде білім беруге – 1 282,4 млрд. теңге (2013 жылы – 427,4 млрд. теңге), денсаулық сақтауға 1 648 млрд. теңге (2013 жылы –533,4 млрд. теңге ), дене шынықтыру мен спортқа – 97,3 млрд. теңге (2013 жылы – 33,4 млрд. теңге ) көзделген.




      1. Білім беру және ғылым саласы

2012 жылы Жолдауды іске асыру мақсатында екі бағдарламалық құжат қабылданды: 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі іс-қимыл әрекеттің ұлттық жоспары және барлық білім беру ұйымдарында оқыту үдерісіндегі тәрбиелеу құрам бөлігін күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар.

Бұл салаға 2012 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемі 367,9 млрд. теңгені құрады.

Сонымен қатар педагог мәртебесін түбегейлі арттыру мақсатында сараланған еңбекақы төлеу енгізілді, біліктілікті арттыру жүйесі жаңғыртылды, атап айтқанда біліктілікті арттырудың үш деңгейлі жүйесін іске асыру басталды. Бұл мақсаттарға үш жылдық республикалық бюджетте 80,3 млрд. теңге, оның 2013 жылға – 22,2 млрд. теңге көзделген.

Жоғарғы оқу орындары мен колледждер жатақханаларының желісін кеңейту мақсатында 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетте 20,6 млрд. теңге сомасындағы қаражат, оның ішінде Семей, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Астана қалаларында медициналық жоғары оқу орындары үшін жеті жатақхана салуға 7 млрд. теңге және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне бағынысты жоғарғы оқу орындары үшін 19 жатақхана салуға 16,2 млрд. теңге көзделген.

Педагогикалық құрамның деңгейін сапалық арттыру мақсатында педагогикалық білім беру стандарттарын жетілдіру және педагогикалық құрамның деңгейін сапалық арттыру бойынша жүйелі жұмыс басталды. Зияткерлік мектептер базасында Педагогикалық шеберлік орталықтары, құрамында облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын 16 институт кірген «Өрлеу» педагогтер біліктілігін арттыру ұлттық орталығы құрылды.

Жоғары оқу орындарының жанындағы өңіраралық инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру орталықтарында жыл сайын 1000 өндірістік оқыту шебері мен оқытушылар Еуропа елдерінің тәжірибесін қолдана отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

Дүниежүзілік банктің «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» атты жобасының шеңберінде ағымдағы жылы арнайы пәндердің 700 оқытушысы біліктілігін арттырады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының 300 оқытушысының біліктілігін арттыруға 2012 жылы республикалық бюджеттен 183,69 млн. теңге бөлінді.

Назарбаев Университетінің, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және «Кәсіпқор» холдингінің тәжірибесін ескере отырып, білім берудің барлық деңгейілерінде оқыту процессіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен бекітілді.

Білім беру әдістемелері мен технологияларының қолданыстағы модельдеріне, тетіктеріне және оларды білім берудің барлық сатыларына алдын ала енгізу нәтижелеріне талдау жасалды. Кембридж университеті сарапшыларының жәрдемдесуімен Еліміздегі жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы, Курстық даярлау қорытындылары бойынша бағалау жүйесі әзірленді, бұлар республикада бұрын-соңды болмаған.

Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Кәсіпқор» холдингі тәжірибелерін тарату үшін өңірлерде базалық білім беру ұйымдары (35 мектеп, 9 техникалық және кәсіптік оқу орны, 18 ЖОО) анықталды.

Жалпы алғанда, қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды екі кезеңде енгізу көзделген. Біріншісі – 3 жылдық цикл барысында сынау. Екіншісі – нәтижелерді қорыту, кейіннен білім берудің бүкіл жүйесіне тарату.

Пилоттық режімде салалық қауымдастықтар базасында біліктілікті растайтын бірқатар тәуелсіз орталықтар құру мәселесі бойынша (бір-екі салада) жұмыс берушілердің 3 пилоттық салалық қауымдастығы алдарына қойылған міндеттерді түсінуге қол жеткізді, олар институционалды құрылымдарды құру мәселелерін пысықтады, салалар мамандарының біліктілігіне қойылатын талаптарды әзірледі, салалардағы мамандардың сарапшылар корпусын құрды. Салаларда мамандардың сәйкестігін растау және біліктілік беру жүйесін енгізу үшін нормативтік құқықтық нормалар алаңы құрылуда.

Білім берудегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, ауылдық жерлерден және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан жастардың жол жүру, тұру ақыларын субсидиялау, жоғары оқу орындары мен колледждер жатақханаларының желісін кеңейту бөлігінде ұсыныстар енгізу бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бағыттары айқындалды, білімнің қол жетімділігін кеңейту үшін нақты тетіктер әзірледі. Жұмыс берушілерді кадрларды даярлауға тарту бойынша нақты шаралар қабылдануда.

Жұмыс берушілердің ЖОО студенттері үшін гранттары мен стипендияларының көлемі 2011-2012 оқу жылымен салыстырғанда 2 есе көбейді. Жалпы 29,1 мыңнан астам адам немесе ақылы бөлім студенттерінің жалпы санының 7,2%-ы әр-түрлі гранттар есебінен оқиды немесе оқу ақысын төлеуде жеңілдіктерге ие.

Қолданыстағы заңнамада мемлекеттік тапсырыс бойынша оқушылардың қысқы және жазғы демалыс кезеңінде жол жүруіне жеңілдіктер (4 АЕК-тен аспайтын мөлшерде) көзделген.

Бұдан басқа, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының шеңберінде табысы аз халық пен жастар қатарындағы адамдарға оқу орнына бару және кері қайту үшін жолақыға, тұруға және стипендия төлеуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсететін тегін кәсіптік оқыту курстары көзделген. Бұл ретте аталған бағдарламаға қатысуға ауыл жастарына басым құқық берілген.

Сондай-ақ, жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қалалық жолаушылар көлігінде жүруге жеңілдік белгіленді. Осылайша, 10 өңірде оқитын жастар үшін жол жүру бойынша әр-түрлі жеңілдіктер: күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан және жетім балалар қатарындағы студенттер үшін жеңілдіктер мен атаулы жол жүру билеттері, бір жолғы материалдық көмек қарастырылған.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында және «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласыда Мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу, заңнаманы жаңарту және жастар саясатын реттеуде қағидаттық жаңа тәсілдер құру, соның ішінде жастар үшін «әлеуметтік лифтілер» тетіктерін құру, жас маманның құқықтық мәртебесін айқындау, жұмысқа орналастыруға, оның ең төменгі әлеуметтік пакетіне, жастар практикасын ұйымдастыру тәртібіне және т.б. кепілдік беру қажеттілігін ерекше атап өтті. Қазіргі уақытта жаңа заң жобасының тұжырымдамасы пысықталуда.

2012 жылы ТжКБ жүйесінде 577 орындық 5 жатақхана енгізілді. Жоғары оқу орындарының жатақханамен қамтылған студенттерінің үлесі тұрғын үйге мұқтаж студенттердің жалпы санының 72,9%-ын құрайды.

2012-2015 жылдарға арналған студенттік баспананы дамыту шеңберінде 48,7 мың орындық 100 жаңа жатақхана салу жоспарлануда. Астана және Алматы қалаларында жалпы жобалық қуаты 30 мың орындық 2 заманауи студенттік қалашық салынады.

Жұмыс істейтін жастарға өндірістен қол үзбей кәсіптік-техникалық және жоғары білім беру бойынша әлемдік тәжірибе зерделенді. Бұл мәселе Қазақстан Республикасында бiлiмді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының «Өмір бойы оқу» бөлімінде қарастырылған. Онда барлық жас деңгейі үшiн бiлiмнiң әртүрлi нысандары мен түрлерi енгізіледі (қашықтықтан оқыту, қайта мамандандырудың қысқа мерзімді курстары).

Мектеп оқушыларының фунционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары бекітілді, оның мақсаты мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға жағдай жасау болып табылады. Осы жоспарды орындау нәтижесінде 2017 жылға қарай фунционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері айқындалатын болады, тұлғаның кәсіби қалыптасуына ықпал ететін қосымша білім берудің беделі қамтамасыз етіледі, ата-аналардың функционалдық сауаттылығын арттырылып білім беру нәтижелеріне тәуелсіз мониторингтік зерттеулер жүргізіледі.

Тұлғаның Қазақстанның азаматы және патриоты ретінде рухани─адамгершілік қалыптасуына көңіл бөле отырып, бүкіл оқу процесінің тәрбиелік құрамбөлігін күшейту мақсатында Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрам бөлігімен күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар бекітілді.

Жоспарды іске асыру қорытындылары бойынша балалар мен оқушы жастардың бос уақытын өткізуді қамтамасыз ету, олардың шығармашылық қабілеттерін іске асыру, қазақстандық патриотизмді, азаматтық сана-сезімді, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын, өзін-өзі кәсіби анықтауды қалыптастыру үшін тиімді тәрбие жүйесін құру күтіледі.

2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Заңға және 2012 жылғы 21 тамыздағы Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі «Жыл сайынғы Ғылым туралы ұлттық баяндама» енгізді.

Баяндама академиялық ғылым, қолданбалы (салалық) тармақтар және инновациялық-технологиялық топтама арасындағы уағдаластық болды және «Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ, ҒЗИ, «Назарбаев Университеті» ДББҰ пікірлерін ескере отырып құралды.

Өткен кезеңде ғылымда белгілі нәтижелерге қол жеткізілді.

Қаржыландыру жүйесі – базалық, бағдарламалық-нысаналы, гранттық 3 деңгей бойынша реформаланды, зерттеулерге шығыстар іс жүзінде екі есеге өсті (47 млрд.теңге).

Зерттеулер басымдықтары жоғары деңгей - Үкімет жанындағы ЖҒТК-де анықталады. 5 ұлттық ғылыми кеңес арқылы ғылыми жобалар бекітіледі.

2012 жылы ғылыми грантқа берілген өтінімдердің 1174-ін немесе 59%-ын мемлекет қолдады.

Жобаларды бағалау барысында 59 елден 659 шетелдік сарапшы тартылды, оның ішінде 463-і Еуропа мен АҚШ-тан.

Ғылыми кадрларды дайындаудың жаңа жүйесі енгізілді, оның шеңберінде ғылыми дәреже артықшылық мәртебесін жоғалтты және ғылыми ойдың өнімділігі көрсеткіші ретінде өзінің функционалдық бағытталуына ие болды.

Халықаралық жарияланымның 3 жүйесіне қосылу нәтижесінде 2012 жылы шетелдегі ғылыми мақалалар саны 385-тен 850-ге дейін артты.

Бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексі 2012 жылы 3 ғылыми кіші индекстерінің өскенін көрсетті. Олар:

«ҒЗТКЖ саласында университеттер мен бизнестің ынтымақтастығы» - 29 тұғырға;

«Ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы» - 13 тұғырға;

«Ғалымдар мен инженерлерге қол жетімділік» - 2 тұғырға өсті.


      1. Тілдерді дамыту

Республикада 130 қазақ тілін оқыту жөніндегі мамандандырылған орталықтар жұмыс істейді, оның ішінде 57 мемлекеттік және 73 жеке.

2012 жылы олардың қызметіне 615 246 мың теңге (2011 ж. – 467 959 мың теңге) бөлінді. Қазақстан этностарының мемлекеттік тілді оқуына 11 248 мың теңге қарастырылды.

2013 жылы Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын аккредитациялау жүргізілетін болады. Олардың талаптарға сәйкестігін және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің стандарттарына сай Оқу әдістемесімен бағалау үшін рейтинг жүйесін енгізу жоспарлануда.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру шеңберінде тіл құзыреттілігі стандарттарын пысықтау жұмыстары басталды.

2012 жылы қазақ тілін «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» үздіксіз білім беру моделі арқылы оқытуға арналған үлгі бағдамалардың жобасы дайындалды.

5 деңгей бойынша қазақ тілін меңгерудің мемлекеттік стандарттары, лексикалық минимумдар, грамматикалық анықтамалықтар, оқулық, оқу-әдістемелік құралы жарияланды, олар (А1 – қарапайым, А2 – базалық, В1– орта, В2 – ортадан жоғары, С1 – жоғары деңгей) мемлекеттік органдар мен мемлекеттік тілді оқыту орталықтарына таратылды.

Қолданыстағы www.kazakhtest.kz ресми сайтының беттерінде онлайн режімінде тест тапсыру ұйымдастырылды.

Тілдерді оқытудың әдістемелік әдебиеттерінің тізбесін құрастыру жөніндегі сарапшылар кеңесінің 3 отырысы өткізілді, онда 11 жоба шығаруға ұсынылды. Шығарылған оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, публицистикалық әдебиеттердің ішінде «Қазақ тілі, тілдарын» А─1 деңгейіндегі оқу-әдістемелік кешені, «Суретті қазақ тілі» оқу құралы, «Қазақ қолөнері аталымдарының түсіндірме сөздігі», «Өсімдік атауларының түсіндірме сөздігі», «Арабша-орысша-қазақша, қазақша-орысша-арабша халықаралық қатынастар және саяси лексика сөздігі», «Цитология, эмбриология, гистология, анатомия терминдерінің түсіндірмелі ақпараттық сөздігі», «Химия. Балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық» және басқа да бірқатар материалдар бар.

Қазақстанның мемлекеттік тілді меңгерген және қоғамдық өмірде де, кәсіби қызметте де қолданып жүрген Қазақстан жастарының қатысуымен «Тіл – татулық тірегі» республикалық форумы өтті.

«Тілдердің үштұғырлығы» жобасын іске асыру шеңберінде 2012 жылы алғаш рет үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» республикалық конкурсы, «Тілдарын – 2012» республикалық олимпиадасы ойдағыдай өткізілді. Бұл іс-шаралардың мақсаты дарынды жастарды қолдау, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде тілдерді меңгеру деңгейін анықтау, қазақстандық патриотизмді нығайту және тіл мәдениетіне тәрбиелеу болып табылады.

2012 жылы ономастика саласын құқықтық реттеу мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілде 741 мемлекеттік топографиялық цифрлық карта және географиялық атаулардың 4 мемлекеттік каталогы әзірленді.
Толерантты тілдік орта қалыптастыру
7516 жалпы білім беретін мектептің: 1524 – орыс, 58 – өзбек, 14 – ұйғыр, 2 – тәжік тілдерінде, 2097 мектеп – аралас.

2261 мектепке дейінгі мекеменің: 272 – орыс, 3 – басқа тілде, 808 екі тілде оқытатын балалар оқу орны.

Этномәдени бірлестіктер және Достық үйлері жанында 195 этно-ағарту кешендері мен лингвистикалық мектептер жұмыс істейді, онда Қазақстандағы 30-дан аса этнос өкілдерінен ана тілін оқыту үшін жағдай жасалған.

2012 жылы «EDTECH-KZ» Халықаралық білім беру орталығымен бірлесе отырып этнолингвистикалық мектептердің оқытушылары үшін шетелдік сарапшыларды тарту арқылы «Тілдерді интенсивті оқытудың инновациялық тәсілдері мен интерактивті әдістерін қолдану» атты ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Тілдер фестивалі аясында өтетін мемлекеттік тілді білуге арналған дәстүрлі конкурстардың барлығы ─ «Абай оқулары», «Тіл – барлық білімнің кілті» тіл мәдениетін жетілдіру және толерантты тілдік орта қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында этномәдени топ өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша «Мемлекеттік тілді білу – парызың» атты республикалық олимпиада, түрлі этностардың қазақ тілді өкілдерінің «Тіл - татулық тірегі» атты республикалық форумы және ұлттық театрлар фестивальі өткізілді.

ҚХА-ның «Тілдарын» тілдерді оқытудың инновациялық технологиялары әдістемелік орталығы еліміздегі этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне бағытталған бірегей әдістеме әзірлеп, тәжірибеде белсенді қолдануда.

ҚХА ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тілдер комитетінің қолдауымен «Қазақ тілі. Тілдарын» оқу-әдістемелік және мультимәдени оқулығын әзірледі. «Тілдарын» планшетті компьютерде қазақ тілін жеделдетіп оқытуды бағдарламалық қамтамасыз ету» жобасы іске асырылуда.

ҚХА белгілі полилингвист Дмитрий Петровтың әдістемесі негізінде «Интеграция: тіл, мәдениет, әдет-ғұрып және салт-дәстүр» атты халықаралық жоба іске асырылды (2012 ж. маусым-қыркүйек аралығында Кемер қаласында өткен жазғы мектепте Қазақстан, Ресей, Түркия және Чехиядан 300 адам оқудан өтті).


      1. Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтауды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012─2016 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаны іске асыруға жалпы шығындар 178 369,0 мың теңгені құрайды.

Бұл Бағдарламаның мақсаты тұрғындардың онкологиялық аурулардан өлім─жітімін азайту арқылы қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыру болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

онкологиялық аурулардың алдын алу, ерте диагностика бағдарламаларын (скринингілерді) дамыту арқылы жетілдіру;

диагностиканың және ғылыми негізделген тиімділігі бар емнің жоғары технологиялық әдістеріне қолжетімділікті арттыру;

онкологиялық науқастарға оңалту мен паллиативтік көмектің қазіргі заманғы жүйесін құру.

«Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның Ұлттық медициналық холдингі базасында Онкология ұлттық ғылыми орталығын (бұдан әрі ─ Орталық) құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Орталық құру тұжырымдамасы әзірленді, ол Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012 ─ 2016 жылдарға арналған бағдарламасының басым элементтерінің бірі болып табылатды

Орталықтың негізгі міндеттері обырдың алдын алу және емдеудің тиімді жүйесін құру, озық ғылыми әзірлемелер жүргізу, жоғары білікті кадрларды даярлау және жаңа технологиялар трансферті, бұл Қазақстан азаматтарының өмір сүру ұзақтығын арттыруға, сондай-ақ еңбекке қабілетті халық әлеуетін сақтауға мүмкіндік береді.

Орталықты жеделдетіп құру мақсатында Назарбаев Университеті мен шетелдік серіктес–онкологиялық көмек көрсету саласындағы барлық бағыттар бойынша халықаралық көшбасшылардың бірі болып саналатын, сондай-ақ, әлемде және АҚШ-та кең ауқымды жүйелі онкологиялық орталықтары бар Питтсбург Университетінің медициналық орталығы (University of Pittsburgh Medical Center) арасындағы келісімге қол қойылды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда денсаулық сақтаудың бюджеттік моделі жұмыс істейді, ол халықты медициналық көмекпен неғұрлым толық қамтуды қамтамасыз етеді.

Ынтымақты жауапкершілікті ескере отырып, Денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

«Ақылдастар алқасы» өткізілді, онда әлемде қолданыстағы модельдердің Қазақстанда қолданылуы егжей-тегжейлі талқыланды. Дүниежүзілік банк сарапшыларының пікірі бойынша Қазақстанда тұрақты макроэкономикалық жағдай байқалады, мемлекеттік табыстардың өсуінің тұрақты динамикасы сақталады және тиісінше денсаулық сақтаудың бюджеттік моделі толық қаржыландырылмай қалу қаупінсіз жұмыс істей алады.

Қазақстанда денсаулық сақтаудың бюджеттік моделін сақтау орынды, ол халықты медициналық көмекпен неғұрлым толық қамтуды қамтамасыз етеді.

Болашақта, азаматтар табысының өсуіне , олардың қаржылық сауаттылығының артуына, қор нарығының дамуына, урбандалуға қарай халық арасында медициналық жинақтау шоттарын енгізу туралы мәселені қарауға қайта келуіміз мүмкін.

Дене шынықтыру мен спортты дамыту шеңберінде қолданыстағы спорт объектілеріне тексеру және оларға келетін адамдардың көптігі, көрсетілетін спорт қызметтерінің қолжетімділігі, құны мен сапасы тұрғысынан мониторингтеу жұмыстары жүргізілді, олардың нәтижесінде меншік нысанына қарамастан, республика халқының спорт ғимараттарына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ескере отырып, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011─2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.




    1. Каталог: sites -> default -> files -> documents -> akimat
      akimat -> Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы
      documents -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында 2012 жылы атқарылған жұмыстар
      documents -> Қызылорда облысы көлемінде жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары
      documents -> Ќызылорда облысындаєы
      documents -> БАҚ Атауы Меншік иесі
      documents -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722
      akimat -> Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы


      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет